Ақпарат:

23 тамыз 2023 3250

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова Satbayev University-не жұмыс сапарымен келді

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова Satbayev University-не жұмыс сапарымен келді

Бүгін, Парламент Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова қоғам және БАҚ өкілдерімен бірге жаңа оқу жылы қарсаңында студенттерді жатақханаларға орналастыруға арналған ахуалдық орталықтың жұмысымен танысып, Сәтбаев Университетінің жатақханаларының жаңа оқу жылына дайындығын тексерді.

Мониторинг барысында студенттерді жатақханаларға кедергісіз орналастыру мәселелері талқыланды.

— Бұл көптеген қиындықтар мен тәуекелдерге толы, жан-жақты қарастыруды талап ететін өте күрделі мәселе және алдағы уақытта да жатақхана мәселесі басты назарда болады. Өздеріңіз білетіндей, солтүстік өңірлерде өте мықты, өте сапалы жоғары оқу орындары бар, алайда барлық студенттер Алматыға келуге тырысады. Ал мұндағы ЖОО жатақханаларында білім алушылар үшін жеткілікті орын болмауы мүмкін. Сондықтан бізге санитарлық нормаларға, инфрақұрылым, студенттердің қауіпсіздігі, бюджет бойынша белгілі бір талаптарға сай  студенттік жатақханалар қажет. Осының бәрін қарастырып, студенттердің тұрғылықты жерін қамтамасыз ету керек, — деді Ирина Смирнова.

Қазіргі уақытта Сәтбаев Университетінде 2075 орындық 5 жатақхана мен жас ғалымдар үйі бар. Сонымен қатар, 616 орындық 7 жатақханамен меморандумға қол қойылды. Қосымша 1999 орын алу үшін тағы бірнеше жатақханалармен келіссөздер жүргізілуде.

Бүгінгі күні университетке жатақханадан орын алуға 2400 өтініш келіп түсті. Орындарды бөлуді комиссия қатаң тәртіппен жүзеге асырады. Студенттерге тәулік бойы істейтін арнайы құрылған Ахуалдық орталық көмек көрсетеді. Іс-шараның  ашық жүргізілуін студенттік деканат және Омбудсмендер қамтамасыз етеді.

— Барлық Жоғары оқу орындары бұл мәселені шешуге бар күштерін салуда, Ахуалдық орталықтар 24/7 жұмыс істейді. Олар өтінімдерді электронды форматта қабылдап, студенттермен тікелей кездесу өткізеді. Тіпті Сіз басқа ЖОО студенті болсаңыз да  далада қалмау жолын табу үшін кез келген ЖОО -ға келіп, кеңес алуға болады. Барлық студенттік елшілер осы жағдайды шешу үшін өзара байланыс орнатып, іс-шаралар жүргізеді, — деп қорытындылалы Мәжіліс депутаты.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова Satbayev University-не жұмыс сапарымен келді

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту