Машина жасау бағыты бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңіне шақыру
Қазақстанның жоғары оқу орындарының 3–4 курс студенттерін (ішкі университеттік іріктеуден өткен) «Механика және металл өңдеу (Машина жасау)» бағыты бойынша XVIII Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңіне қатысуға шақырамыз. Олимпиада 2026 жылғы 5–6 мамыр күндері Satbayev University базасында өтеді.
ЖОО-дан олимпиадаға 3 студентке дейін (3 және 4 курс) қатыса алады. Қатысушылар өзімен бірге жеке куәлігін алып келуі тиіс. Олимпиада тек жеке форматта өтеді. Командалық қатысу қарастырылмайды және бағаланбайды. Олимпиаданың жұмыс тілдері: қазақ және орыс тілдері.
Олимпиада 2 кезеңнен тұрады:
- Тестілеу;
- Теориялық және практикалық (ситуациялық, зертханалық) тапсырмаларды орындау.
5 мамыр 2026 жыл – Олимпиаданың ашылуы, I және II турлардың өткізілуі.
6 мамыр 2026 жыл – Жеңімпаздарды марапаттау, олимпиаданың жабылуы.
Олимпиаданың I (ішкі университеттік) кезеңінің қорытындысы бойынша қатысушылар 2026 жылғы 15 сәуірден кешіктірмей ұйымдастыру комитетінің электрондық поштасына (a.uderbayeva@satbayev.university) келесі құжаттарды жолдауы қажет:
- олимпиаданың І кезеңі қорытындысы туралы ректордың (проректордың) қолы қойылған сканерленген хат немесе ІІ кезеңге қатысуға ұсыным хаттамасымен рәсімделген жоғары оқу орны Ғылыми кеңесінің шешімі;
- қатысуға арналған өтінімнің сканерленген (Word форматындағы) нұсқасы;
- қатысушының жеке куәлігі/паспортының сканерленген көшірмесі.
Байланыс телефоны: 8 (727) 320-41-68



