1 маусым 2017 11578

Мәскеу қаласындағы Ресей халықтар достығы университетіне іссапар

Мәскеу қаласындағы Ресей халықтар достығы университетіне іссапар

24 мамыр 2017 жылы Тәуелсіз мемлекеттер достастығының желілік университетінде Консорциум үйлестіру кеңесінің халықаралық кездесуі болды.Ол кездесуге «Компьютерлік және программалық инженерия» кафедрасының меңгерушісі, Қашықтықтан білім беру институтының директоры Атымтаева Ляззат Бахитовна шақырылды. Кезекті отырыс Мәскеу қаласындағы Ресей халықтар достығы университетінде (РХДУ) болды. Бұл отырыс жыл сайын ұйымдастырылады және үйлестіру РХДУ ректоры Филлипов Владимир Михайловичтың басшылығымен жүзеге асырылады.

Айта кету керек, іс-шара тамаша ұйымдастырылды және оған ТМД университеттерінің 20-дан астам өкілдері қатысты, атап айтқанда: Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан жәнеде, әрине, Ресей елдерінің университеттері. Іс-шара барысында ресейлік көптеген жоғары оқу орындары таныстырылды, мысалға, РХДУ, Ельцин атындағы Орал федералдық университеті, Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті,Новосибирск мемлекеттік университеті, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты.

Қазақстаннан консорциум мүшелері ретіндеӘл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ және Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ сияқты жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты. Жалпы іс-шара жоғары ұйымдастырушылық пентерең мазмұнды деңгейдеөтті.Отырыста ТМД елдерінің жоғары оқу орындарынан консорциумғажаңа мүшелерді қабылдау мәселелері талқыланды, сондай-ақ желілік университеттер бойынша әртүрлі елдерге квоталарды қайта бөлу талқыланды.

Желілік университет идеясыбілім беру кеңістігі жағдайында академиялық мобильділік бағдарламаларын жақсарту үшін, қарым-қатынастың жаңа нысандарын әзірлеу үшін, студенттердің қос диплом алу мүмкіндігін арттыру, сөйтіп білім сапасын жетілдірубарысында өте прогрессивті болып табылады.

Атымтаева Ләззат ҚазҰТЗУ

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту