Ректордың Әскери кафедра жөніндегі үндеуі
Құрметті Сәтбаев университетінің студенттері!
Коронавирус індетінің дүние жүзіне таралуы жағдайды қиындатып барады. Оның таралу мүмкіндігін төмендету мақсатында 16 наурыздан бастап Әскери кафедра өз жұмысын онлайн режимге ауыстырады да, сабақтар смартфон қосымшасы мен электрондық пошта арқылы жүргізіледі. Әскери кафедраның оқытушылары сабақ кестесіне сәйкес студенттердің байланыста болуларын өтінеді.
Сіздерге ыңғайлы болу үшін оқытушылар PowerPoint немесе PDF форматында күнделікті дәрістердің теориялық материалдары мен тапсырмаларын жіберіп отырады, ал сіздер оларды көрсетілген уақытқа дейін орындауға тиістісіздер. Әрбір оқытушыда студенттердің байланыс телефондары мен электрондық поштасы бар. Ал қандай да бір кеңес қажет болса, What's Up/ Viber желілері арқылы тікелей байланысқа шығуға болады.
Оқудың тиімділігін арттыру мақсатында дәрістердің теориялық материалдары қайтадан қаралып, қашықтықтан оқуға ыңғайлы етіп жасалған. Ал оқытушының көмегін қажет ететін өте күрделі тақырыптар мен тапсырмалар кейін оқуға қалдырылатын болады.
Игі тілекпен,
Сәтбаев университетінің Ректоры
Искандер Бейсембетов