5 наурыз 2021 2498

Ректордың міндетін атқарушы Тулешов А.Қ. Сәтбаев Университетінің ғылым жөніндегі Проректорымен және ғылыми институттардың Директорларымен кездесті

Ректордың міндетін атқарушы Тулешов А.Қ. Сәтбаев Университетінің ғылым жөніндегі Проректорымен және ғылыми институттардың Директорларымен кездесті

2021 жылы 4 наурыз күні Сәтбаев Университеті холдингінің ғылыми институттарының Директорлары мен университет Ректорының міндетін атқарушы Амандық Қуатұлының кездесуі өтті. Кездесуге сондай-ақ университеттің ғылым жөніндегі Проректоры қатысты. Кездесу барысында ғылыми жобаларды іске асырудағы негізгі мәселелер анықталып, оларды шешу жолдары сөз болды.

Университеттегі ғылыми институттардың қолданбалы зерттеулерінің беделін арттыру болашақтағы дамуымыздың басты басымдығы ретінде анықталды. Сонымен қатар Амандық Қуатұлы институттар әрқайсысы өз саласында үздік болып табылатындығын және инновациялық зерттеулердің нәтижелерін белсенді түрде дамыту арқылы өндіріске енгізудің арқасында олар республиканың инновациялық дамуының флагманы болуға лайықты екенін атап өтті.

Жұмыстың екінші бағыты – институттар мен университет арасындағы ынтымақтастық байланыс механизмдерін әзірлеу және олардың ғылыми қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында ғылыми зерттеулерінің интеграциясын қамтамасыз ету, сондай-ақ ғылыми кадрлар даярлауды жақсарту болып табылады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту