18 ақпан 2020 3798

Студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауына құжаттар қабылдау басталды

Студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауына құжаттар қабылдау басталды

Сәтбаев университеті Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында студенттердің техникалық ғылымдар жөніндегі жыл сайынғы Республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсын өткізуші базалық университет ретінде келесі мамандықтар бойынша екінші кезеңге конкурстық материалдарды қабылдау басталғаны туралы хабарлайды:

  1. Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау;
  2. Пайдалы қазбаларды байыту;
  3. Тау-кен ісі;
  4. Автоматтандыру және басқару.

Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің 2020 жылғы 25 қаңтардағы № 16-5 / 217 хатына сәйкес жарияланған. Екінші кезеңге қатысу үшін құжаттар 2020 жылдың 20 наурызына дейін қабылданады.

Байқауға Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы конкурсын ұйымдастыру және өткізу туралы ұсыныстарда көрсетілген талаптарға сәйкес орындалған жұмыстар қабылданады.

Конкурстың бірінші кезеңінің нәтижелері бойынша үздік шыққан ғылыми жұмыстарды екінші кезеңге қатыстыру үшін 2020 жылдың 20 наурызына дейін қағаз жүзінде («Республикалық ғылыми-зерттеу конкурсы үшін» деп белгіленген) мына мекенжайға жіберулеріңізді сұраймыз: 050013, Алматы қаласы, Сәтбаев к-сі, 22, Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту