1 желтоқсан 2017 7834

Университеттің үздік спортсмендері марапатталды

Университеттің үздік спортсмендері марапатталды

2017 жылы 30 қарашада Сәтбаев университетінде Президенттік тест пен Республикалық 9-шы универсиаданың қорытындысы бойынша анықталған үздік спортсмендерді марапаттау рәсімі өтті. Универсиадаға Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарының студенттері қатысқан болатын.

Президенттік дайындық дәрежесіне тапсырылған норматив қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте жоғары көрсеткішке қол жеткізіп, сыйлық алған командалар:

  • 1-орын – Т. Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институты. Директоры – Болат Құспанғалиев;
  • 2-орын – Ә. Бүркітбаев атындағы Өнеркәсіптік инженерия институты. Директоры – Айдархан Қалтаев;
  • 3-орын – Ө. Байқоңыров атындағы Тау-кен металлургия институты. Директоры – Зейнеш Абишева.

Жеке есептік көрсеткіште үш түрлі жастағы нәтиже бойынша үздік деп танылғандар:

  • Рекрутинг орталығының директоры Ақжан Оксыкбаева;
  • Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар институтының оқытушысы Мақсатгүл Жандыбаева;
  • Т. Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институтының оқытушысы Андрей Старков.

«Өмір сүру қауіпсіздігі» кафедрасының меңгерушісі Қамадияр Қасенов университетте студенттік спортты дамытуға атсалысқандығы үшін «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Ал мына институт директорларына спорттық жетістіктерге қол жеткізгендері үшін дипломдар табыс етілді:

  • А. Машани атындағы Базалық білім беру институтының директоры Саренова Айгүлге (А. Ажибекова);
  • Ә. Бүркітбаев атындағы Өнеркәсіптік инженерия институтының директоры Айдархан Қалтаевқа (Д. Абилдабекова, Ж. Исабеков);
  • Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар институтының директоры Равиль Мұхамедиевке (М. Жандыбаева, К. Талымбек);
  • Т. Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институтының директоры Болат Құспанғалиевке (Г. Ажиева, А.А. Старков, Д. Жагитов);
  • Химиялық және биологиялық технологиялар институтының директоры Зоя Туйбаховаға (Н.Жүнісбекова, Б.Мұстахимов);
  • Қ. Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институтының директоры Дархан Құралхановқа (А.Бекботаева, Н.Ибраев, М.Санатбеков);
  • Ө. Байқоңыров атындағы Тау-кен металлургия институтының директоры Зейнеш Абишеваға (А. Өтегенова, Е. Қасымбаев);
  • Жоғары технологиялар инженериясы институтының директоры Серік Көмековке (И. Набунский).

Республикалық 9-шы универсиадаға спорттың армрестлинг түрінен қатысып, қола жүлдеге ие болған Сәтбаев университетінің студенттеріне сол күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің медальдары мен дипломдары табыс етілді. Олар:

  • Әсем Давилбекова – Ә. Бүркітбаев атындағы Өнеркәсіптік инженерия институтының 3-курс студенті;
  • Абзал Калдарбек – Ә. Бүркітбаев атындағы Өнеркәсіптік инженерия институтының 2-курс студенті.

«Универсиада-2017» республикалық спорт додасына студенттерді дайындап, олардың жеңіс тұғырынан көрінуіне атсалысқан спорттық жаттықтырушы Амангелді Тілеубердинге де лайықты сыйлық табыс етілді.   

Сәтбаев университетінің профессорлық-оқытушылар құрамы, студенттер мен қызметкерлер спорт жеңімпаздарын жеңістерімен, жоғары жетістіктерімен құттықтап, оларға зор денсаулық, қажымас қайрат тілейді! Спортқа деген сенімдеріңіз артып, биік шыңдарды бағындыра беріңіздер!

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту