Жатақхана, ақы төлеу әдісі, кітапхана, жол: Satbayev University-не оқуға түсу
Жатақханаға қалай орналасу керек?
Жатақханаға өтініш қабылдау мен орналасу рәсімі онлайн түрде жүреді, сол үшін университетке келудің қажеті жоқ.
Жоғары курс студенттерінен өтініш қабылдау мерзімі – 10–20 тамыз 2023 ж.
Бірінші курс студенттерінен өтініш қабылдау мерзімі – 10–25 тамыз 2023 ж.
Жатақханадан орын берілгені туралы ақпарат 2023 жылғы 26 тамызда белгілі болады.
Орналасу – 2023 жылғы 26 тамыздан бастап, 01 қыркүйекке дейін.
Сәтбаев Университетінің жатақханаларында орын шектеулі болғандықтан, орын студенттердің жеке тұрмыс жағдайларына қарай бөлінеді. Алдымен бірінші курс студенттеріне, жетім балаларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, шетелдік студенттерге басымдық беріледі.
Жатақханаға өтініш беру үшін мына https://dormitory.satbayev.university сайттағы анкетаны толтырып, қажетті құжаттардың сканерлік нұсқасын жүктеу керек:
- Паспорт/жеке куәлік;
- Студенттің жатақханаға жеңілдікпен орналасу құқығын растайтын құжаттар.
Жатақхана беру кезінде ескерілетін басым жеңілдіктер тізімі және қажетті құжаттар
1 курс студентіне арналған жадынама жатақханасына орналасу кезінде
2, 3 және 4 курс студентіне арналған жадынама жатақханасына орналасу кезінде
Сәтбаев Университетінің сырттан келген студенттерін орналастыру жөніндегі жедел желі телефоны: 8 (747) 2174578.
Бізді қалай табуға болады: Сәтбаев Университетіне жету жолдары
Алматы қаласы бойынша жүру үшін Алматының кез келген нүктесінен университетке баратын бағыттарды көрсететін ONAY мобильдік қосымшасын жүктеп алыңыз!
Ол үшін қосымшадағы «Бағдарлар» тармағын таңдап, ішінен «Бағыттар» опциясын таңдайсыз. «Қайдан» тармағында «Картада көрсету» опциясын пайдаланып, орналасқан жеріңізді жазасыз (қосымша сіздің тұрған жеріңізді автоматты түрде көрсетеді), «Қайда» бөліміне «Сәтбаев Университеті» деп енгізесіз.
Сондай-ақ сіздер университетке таксимен немесе автобуспен жете аласыздар:
- Алматы қаласындағы Халықаралық аэропорттан: 3, 92, 79-автобустар.
- «Алматы-1» теміржол вокзалынан: 7-троллейбус, 34, 30, 18-автобустар.
- «Алматы-2» теміржол вокзалынан: 5, 6-троллейбус, 92, 98, 79-автобустар.
- «Саяхат» автовокзалынан: 3, 92, 98, 79-автобустар.
- «Алтын-Орда» базарынан: 95, 128-автобустар.
Оқу ақысын қалай төлеу керек
Оқу ақысын төлеу Кaspi.kz немесе Halyk Bank қосымшасының көмегімен онлайн-аударма жасау арқылы жүзеге асырылады.
Бухгалтерияның студенттермен жұмыс жөніндегі бөлімі: 8 (727) 292 6468.
Kaspi.kz | Halyk Bank |
---|---|
Қажетті оқулықтарды қалай және қайдан алуға болады
Кітапханаға тіркелу ГМК ғимаратының 174-аудиториясында ID-карта («Халық-банк» картасы, ол университетке кіруге рұқсат картасы) негізінде жүзеге асырылады, әрі кітапхана картасы болып табылады.
Оқулықтарды үйге алу кампустың әр жерінде орналасқан абонемент залдарында беріледі. Кітаптарды алу үшін де ID-картаны көрсету керек.