Ақпарат:

7 тамыз 2024 3843

Жатақхана, төлем, кітапхана, жол ақысы: Satbayev University 2024 қабылдау бойынша FAQ

Жатақхана, төлем, кітапхана, жол ақысы: Satbayev University 2024 қабылдау бойынша FAQ

Өтініш беру және орындарды бөлу онлайн түрде жүзеге асырылатын болғандықтан,  университетке келудің қажеті жоқ.

Жоғары курстар үшін өтініштерді қабылдау 2024 жылғы 10-20 тамыз аралығында.

Бірінші курстар үшін өтініштерді қабылдау 2024 жылғы 10-26 тамыз аралығында.

Орындарды бөлу комиссиясының отырысы 2024 жылғы 21-25 тамыз аралығында.

Орын беру нәтижесі 2024 жылғы 26 тамызда белгілі болады.

Жатақханаға орналасу  – 2024 жылғы 26 тамыздан 01 қыркүйекке дейін.

Жатақханаларға орналастыру мәселелері бойынша «Ахуалдық орталығы» байланыс нөмірлері: +7 (727) 320-41-43, +7-777-377-0029.

Satbayev University-де студенттер сондай-ақ Алматы қаласының студенттік омбудсменінен қолдау ала алады. Омбудсмен – бұл оқыту үдерісі, инфрақұрылым және жатақханалар мәселелері бойынша студенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғаумен айналысатын тәуелсіз өкіл.

Алматы қаласының студенттік омбудсмені
Әділхан Төлепберген
+7 776 677 3773

 

Жатақханаға қалай орналасу керек?

Жатақханаға өтініш беру үшін мына https://dormitory.satbayev.university сайттағы анкетаны толтырып, қажетті құжаттардың сканерлік нұсқасын жүктеу керек:

  1. Паспорт/жеке куәлік;
  2. Студенттің жатақханаға жеңілдікпен орналасу құқығын растайтын құжаттар.

Жатақхана беру кезінде ескерілетін басым жеңілдіктер тізімі және қажетті құжаттар

1 курс студентіне арналған жадынама жатақханасына орналасу кезінде

2, 3 және 4 курс студентіне арналған жадынама жатақханасына орналасу кезінде

Нұсқаулық: cайтта https://dormitory.satbayev.university қалай тіркелуге болады.

 

2024 жылдың 13-20 тамыз аралығында  оқу пәндеріне тіркелу өтеді

2024 жылдың 13 – 20 тамыз  аралығында 2024-2025 оқу жылының күзгі семестрінің оқу сабақтарының кестесіне тіркеу ашылады. Барлықтарыңызды уақтылы тіркеуден өтулеріңізді сұраймыз, бұл сізге ыңғайлы кестені қалыптастыруға мүмкіндік береді. Әскери дайындық күнін ауыстыруға болмайды, себебі әскери істер институтымен келісіп жасалынған.

 

Бізді қалай табуға болады: Сәтбаев Университетіне жету жолдары

Алматы қаласы бойынша жүру үшін Алматының кез келген нүктесінен университетке баратын бағыттарды көрсететін ONAY мобильдік қосымшасын жүктеп алыңыз!

Ол үшін қосымшадағы «Бағдарлар» тармағын таңдап, ішінен «Бағыттар» опциясын таңдайсыз. «Қайдан» тармағында «Картада көрсету» опциясын пайдаланып, орналасқан жеріңізді жазасыз (қосымша сіздің тұрған жеріңізді автоматты түрде көрсетеді), «Қайда» бөліміне «Сәтбаев Университеті» деп енгізесіз.

ONAY! App Store 

ONAY! Google Play

Сондай-ақ сіздер университетке таксимен немесе автобуспен жете аласыздар:

  • Алматы қаласындағы Халықаралық аэропорттан: 3, 92, 79-автобустар.
  • «Алматы-1» теміржол вокзалынан: 7-троллейбус, 34, 30, 18-автобустар.
  • «Алматы-2» теміржол вокзалынан: 5, 6-троллейбус, 92, 98, 79-автобустар.
  • «Саяхат» автовокзалынан: 3, 92, 98, 79-автобустар.
  • «Алтын-Орда» базарынан: 95, 128-автобустар.

 

Оқу ақысын қалай төлеу керек

Оқу ақысын төлеу Кaspi.kz немесе Halyk Bank қосымшасының көмегімен онлайн-аударма жасау арқылы жүзеге асырылады.

Бухгалтерияның студенттермен жұмыс жөніндегі бөлімі: 8 (727) 292 6468.

 Kaspi.kz   Halyk Bank

Kaspi.kz

 Halyk Bank

 

Қажетті оқулықтарды қалай және қайдан алуға болады

Кітапханаға тіркелу ГМК ғимаратының 174-аудиториясында ID-карта («Халық-банк» картасы, ол университетке кіруге рұқсат картасы) негізінде жүзеге асырылады, әрі кітапхана картасы болып табылады.

Оқулықтарды үйге алу кампустың әр жерінде орналасқан абонемент залдарында беріледі. Кітаптарды алу үшін де ID-картаны көрсету керек.

Кітапхана сайты

Жұмыс кестесі, абонементтер және олармен

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту