6 мамыр 2022 4447

Жеңіс күні құтты болсын!

Жеңіс күні құтты болсын!

Қымбатты ардагерлер! Әріптестер, оқытушылар!

Құрметті офицерлер, Әскери іс институтының қызметкерлері!

Сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күні біз халқымыздың асқан табандылықпен жеткен Жеңісін және сол сұрапыл соғыстың сабақтарын еске аламыз. Майданда қазақстандықтар да ерлікпен шайқасты, біздің университеттің түлектері мен оқытушылары да осы Жеңіске өз үлестерін қосты. Қазақ политехникалық институтында Әскери кафедра 1940 жылы ұйымдастырылып, кафедра қызметкерлері сол кездің өзінде әскери инженерлерді даярлауға көп еңбек сіңірді, ал институттан 200-ден астам адам майданға аттанды. Солардың батылдығы мен қайсарлығы арқасында еліміз аман-есен сақталып, жер бетінде бейбітшілік орнады. Сондықтан да бүгінгі жас ұрпақ ата-бабаларының ерлігін қашан да қастерлейтіні сөзсіз.

Барлық ардагерлер мен тыл еңбеккерлерін  айтулы мерекемен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, ұзақ та бейбіт өмір тілеймін! Жеңіс мерекесі құтты болсын! 

Игі құрметпен,
Сәтбаев Университетінің Ректоры
Мейрам Бегентаев

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту