Ақпарат:

7 қараша 2023 3836

Жер қойнауы мәселесі жоғары деңгейде шешіледі: Сәтбаев Университеті мен Stryde компаниясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Stryde компаниясының делегациясы Сәтбаев Университетінде болып, өздерінің сейсмикалық барлау жөніндегі инновациялық технологиясымен таныстырды. Сәтбаев Университетінің ректоры мен Stryde компаниясының коммерциялық директоры Кэмерон Грант ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Осы келісім аясында компания студенттерге сейсмикалық барлау бойынша тәжірибелік сабақ өткізуге арналған құрал-жабдықтар жиынтығын береді.

– Біз өз технологиямызбен бөлісуге мүмкіндік туғанына қуаныштымыз, – деді Грант мырза қол қою рәсімінде. – Оны студенттерге қолжетімді етудің амалын табамыз. Бізге бар керегі – университеттер осы технологияны толығымен пайдаланып, өнеркәсіпке арналған инновациялық шешімдерді одан әрі дамыта берсе дейміз.

Ынтымақтастық туралы келіссөз жасау рәсіміне Геология және мұнай-газ ісі институтының директоры Асқар Сыздықов, Stryde компаниясының ТМД елдеріндегі кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі директоры Динара Аблязина және «Samga Petroleum» компаниясының бас директоры, Сәтбаев Университетінің түлегі Жәнібек Катренов қатысты. Аблязина ханым Сәтбаев Университетінің студенттерін болашақ ынтымақтастық және оқу мүмкіндіктерімен таныстырды, ол жазғы практикалар мен вебинарлар кезінде компаниядағы британдық мамандарының қатысуымен өтпекші.

Stryde, Inc. — British Petroleum компаниясының еншілес кәсіпорны, ол дала жұмыстарын сейсмикалық барлауға арналған жаңа технология жасап шығарды. Атап айтқанда, 28 күн бойы зарядсыз жұмыс істей алатын және жер қойнауының кескіндерін жоғары сапада көрсете алатын ықшамдалған сымсыз қабылдағыштар жасады. Stryde компаниясы тек осы қабылдағыштарды ғана емес, сонымен қатар олардың көмегімен алынатын ақпаратты өңдеу жүйелерін де ұсынып отыр. Бұл геодезиялық барлау жұмыстарын дәл және қауіпсіз түрде жүргізуге арналған құрлықтағы кешенді жүйе, бұл жоғары тығыздықты сейсмикалық зерттеулерді кез келген салаға қолжетімді етеді.

Енді бұл технологияны Политехтың студенттері де меңгере алады – 2024 жылы жазғы практика кезінде студенттер осы технологиямен алғаш рет жұмыс істейтін болады.

Жер қойнауы мәселесі жоғары деңгейде шешіледі: Сәтбаев Университеті мен Stryde компаниясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Жер қойнауы мәселесі жоғары деңгейде шешіледі: Сәтбаев Университеті мен Stryde компаниясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Жер қойнауы мәселесі жоғары деңгейде шешіледі: Сәтбаев Университеті мен Stryde компаниясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Жер қойнауы мәселесі жоғары деңгейде шешіледі: Сәтбаев Университеті мен Stryde компаниясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Жер қойнауы мәселесі жоғары деңгейде шешіледі: Сәтбаев Университеті мен Stryde компаниясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Жер қойнауы мәселесі жоғары деңгейде шешіледі: Сәтбаев Университеті мен Stryde компаниясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Жер қойнауы мәселесі жоғары деңгейде шешіледі: Сәтбаев Университеті мен Stryde компаниясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ

Басты парақшаға өту