Ақпарат:

Бұршақ дақылдарының өнімділігін арттыру үшін тиімді капсуляциялық құрамды жасау

science

 

Жетекші бұршақ дақылдарының бірі ретінде әлемдік нарықта соя бұршағына деген сұраныстың артуы Қазақстанда оның өндірісін дамыту үшін қолайлы жағдай туғызуда. Дегенмен, ТМД-ның басқа елдеріндегідей, біздің елдің ауыл шаруашылығы да көптеген күрделі мәселелерге тап болып отыр. Атап айтқанда, фитосанитарлық қауіптердің жоғары деңгейі, зиянды жәндіктер мен аурулардың таралуы, сондай-ақ климаттың қолайсыз жағдайлары. Мұндай келеңсіздіктер өнімділігі мен сапасын арттыру үшін ерекше назар аударуды және инновациялық шешімдерді қажет ететін соя дақылдарына да қатысты.

Осы жағдайға қатысты шешімдердің бірі – ауыл шаруашылығы дақылдарының, соның ішінде соя дақылдарының тұқымдарын себу алдында оларды өңдеуге арналған көп функциялы капсуляциялық құрамды әзірлеу әдісі. Сана Қабдрахманова бастаған ғалымдар тобы тұқымның ауруларға және қолайсыз климаттық жағдайларға төзімділігін арттыра алатын осындай тиімді құрам жасау үшін, биологиялық түрде ыдырайтын полимерлерді жергілікті агроминералдармен және фунгицидтік биостимуляторлармен біріктіру әдісін қолданады.

Соя тұқымдарының табиғи қасиеттерін және қоршаған орта объектілерін сақтай отырып, команда патогендерді жою, тұқым себу сипаттамаларын жақсарту, өнімділікті арттыру үшін, бентонит сазы мен крахмалдың негізінде оңтайлы құрам әзірлеп шығарды. Бұл құрам тұқымның өнуіне, олардың өсуіне, дамуына, дақылдардың өнімділігі мен технологиялық сапасына тигізетін әсерін ғалымдар қазір зерттеу үстінде. Мұндай зерттеулер өз кезегінде тұқым дайындаудың басқа да инновациялық әдістерін жасауға мүмкіндік береді, ол мүмкіндіктер сояның өнімділігі мен сапасын арттыруға әкеліп, ауыл шаруашылығы дақылдары климаттың қолайсыз факторларына төзімді болуын қамтамасыз етеді.

Жобаның нәтижелері:

  • Әзірленген құрамды зертханалық жағдайда сынау бойынша жұмыстар жүргізілді;
  • Жасалған құрамды өндіру және оны егіс алаңында қолдану бойынша өндірістік сынақтар басталды;
  • Соя тұқымын себу алдында оны өңдеу және капсуляциялау үшін әмбебап құрамды қолдану туралы ереже әзірленді.

 

science

 

science

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту