Ақпарат:

Рақышев Баян Рақышұлы

Рақышев Баян Рақышұлы

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, 1985-1992 жылдары В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ ректоры

calendar
Оқу жылдары: 1952-1957 жж.
cap
Мамандығы: "Тау-кен инженері"

Менің ойымша, мамандықты таңдауыма Қазақстанның ірі тау-кен өнеркәсібі бар өңірде дүниеге келіп, өскендігім ықпал етті деп ойлаймын. Біздің ауылымыздың жан-жағында Қайрақты, Успенскі, Ақшатау, Кеншоқы кеніштері (Қарағанды облысы) орналасқан еді. Айлық жалақыларына «Москвич» сатып ала алатын шахтерлер үлкен құрметке ие Қарағанды қаласында орта мектепті бітірдім. Тау-кен инженерлерінің формасы ең әдемі болатын. Сонымен қатар, сол кезде атақты тау-кен инженері, көрнекті ғалым Қаныш Сәтбаевтың аты бүкіл елге әйгілі болған кез еді.

1952 жылы қыркүйек айында емтихансыз (медалист ретінде) Қазақ Тау-кен институты Тау-кен факультетінің 1-ші курсына қабылдандым. Оқуда үздік студент атандым, барлық іргелі және техникалық пәндер, соның ішінде мамандыққа қатысты – әртүрлі физикалық өрістердің әсерінен тау жыныстарының жойылуы және ірі пайдалы қазбаларды механикаландырылған жолмен ашу пәндері ұнайтын.

2-курстан бастап доценттер М.Ф.Кимнің (тау жыныстарын жою), Б.И.Таженованың, М.Е.Медведевтің (пайдалы қазбаларды ашық өндіру) жетекшілігімен ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналыстым. «Зарядтар арасындағы уақыттың баяулауын анықтау» тақырыбында алғашқы ғылыми еңбегімді жарияладым. Дипломдық жұмысымның тақырыбы «Магнитка тауында ашық кен жұмысын жүргізу» деп аталып, ғылыми жетекшім доцент Марк Эфимович Медведев болды.

Студенттік жылдар – адам өміріндегі керемет, ұмытылмас уақыт.

Мен студент кезімде Сталиндік стипендия иегері, комсомол бюросының хатшысы, факультеттің студенттік ғылыми қауымдастығының төрағасы болдым. Сөйтіп командада жұмыс істеу тәжірибесін жинақтадым. 1957-1965 жылдары институтты үздік бітіргеннен кейін Балқаш тау-кен металлургия комбинаты Коңырат кенішінде техник-анализатордан кеніш басқарушысына дейін көтерілдім. Үлкен экономикалық тиімділіктегі 15 өнертапқыштық жаңалық ұсынып, тәжірибеге енгіздім, 6 ғылыми мақаланы жарияладым.

ҚазТКИ қабырғасында алған білімім нақты өндіріс жағдайына тез бейімделуге және түрлі технологиялық үрдістерді елеулі ғылыми негізде сенімді түрде жетілдіруге көмектесті.

1964 жылы Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі Александр Сергеевич Поповтың жетекшілігімен өндірістен қол үзбей «Жарылған тастың құлдырау ені және ұсақталу дәрежесін зерттеу» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғадым. Жұмыстың бірінші оппоненті – 1952-1962 жж. ҚазТКИ –ҚазПТИ-дің ректоры болған, көрнекті ғалым, Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі Өмірхан Аймағамбетұлы Байқоңыров болды.

1965 жылдың соңында мен ҚазПТИ-ге шақырылдым және конкурс бойынша аға оқытушы қызметіне қабылдандым, әр жылдары – доцент, кафедра меңгерушісі, автоматтандыру және компьютерлік техника факультетінің деканы, проректор, ал 1985 жылдан бастап 1992 жылға дейін ҚазПТИ ректоры болдым. Осы жылдары ҚазПТИ-де Қазақстанда алғаш рет өндірістік тәжірибеден өту үшін мамандандырылған студенттік отрядтар ұйымдастырылды, кәсіпорындарда кафедраның бірнеше филиалы ашылып, ғылыми-зерттеу орталықтары ашылды. Сол кезде 38 мамандық (олардың 8-і жаңадан ашылды) бойынша 15 мыңға жуық студент оқыды.

1994 жылдан қазіргі уақытқа дейін тау-кен ғылымдары саласындағы мемлекеттік ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша жобалардың ғылыми жетекшісі болып жүрмін. Халықаралық ғылым және өнер академиясының, Ресей Федерациясы тау-кен ғылымдары Академиясының, ҚР Жоғары мектебі Ұлттық Ғылым Академиясының толық мүшесі, Мәскеу Мемлекеттік тау-кен университетінің, Украинаның Ұлттық тау-кен университетінің құрметті докторы, Қазақстан Республикасының бірқатар жоғары оқу орындарының құрметті профессоры болып сайландым, көптеген орден мен медальдармен марапатталдым.

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ – республиканың алғашқы зерттеу университеті болып табылады. Мұнда «зерттеу және инновациялық өндіріс арқылы оқыту»; полифункционалдылық (оқыту, зерттеу, инновациялық өндіріс); магистрлер мен PhD докторларын жоғары деңгейде дайындау; экономикадағы ғылымның, жоғары технологиялар мен инновациялардың басым бағыттарын дамыту принципі жүзеге асырылады.

Менің ойымша, жаңа форматтағы Сәтбаев Университеті жоғары техникалық білім мен ғылым саласындағы алдыңғы қатарлы университетке айналуы тиіс. Оқу үрдісін және зерттеуді интеграциялау арқылы сапалы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қамтамасыз ету ғылыми-техникалық бағдарламалар, ғылыми және инновациялық гранттар шеңберінде, студенттер мен докторанттарды кеңінен қатыстыра отырып, ғылыми зерттеулерді жүргізу және олардың нәтижелерін өндіріске енгізуге дейінгі толық инновациялық циклды жүзеге асыруды қамтиды.

Уақыттың сыйлығын тиімді пайдаланбаған адам көп нәрсені жоғалтады!

Биылғы жылғы үміткерлер – «жоғары технологиялар ғасырының» балалары. Қазіргі әлемдегі «жоғары технология» дегеніміз не? Бұл өнеркәсіптің жоғары технологиялық салалары: экономиканың барлық саласындағы электроника, робототехника, ұшақ жасау, зымыран жасау, ғарыштық техника, бағдарламалық қамтамасыз ету, ақпараттық технологиялар, нанотехнология, атомдық, күн және сутегі энергетикасы, биотехнология, гендік инженерия, жасанды интеллект және экологиялық таза технологиялар.

Біздің студенттер кез-келген табыстың негізі – тынымсыз еңбек, мақсаттылық, бастамашылық, табандылық, жұмыс істеу барысындағы жеке сәтсіздіктерді елемеушілік екенін есте сақтаулары керек.

Студенттік жылдар – адам өміріндегі керемет, ұмытылмас уақыт. Бұл есею, жетілу, жан-жақты даму, тек терең білім ғана емес, шынайы достарды табу және адамдармен жұмыс істеу дағдыларын игеру.

Табиғи маневрлік, қуатты энергия, жан-жақты білім оқумен де, спортпен де, әдебиетпен де, бастамашылдық және бизнеспен де айналысуға мүмкіндік береді. Уақыттың мұндай сыйлығын тиімді пайдаланбаған адам көп нәрсені жоғалтады!

15 қаңтар 2021 5484
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту