15 ақпанда – Сәтбаев университеті символикасының жәрмеңкесі
Сіздерді Сәтбаев университеті брендтік дүкенінің ашылу қарсаңында өткізілетін тауарлар жәрмеңкесіне қатысуға шақырамыз. Жәрмеңке 15 ақпан күні сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін Сәтбаев университеті бас оқу ғимаратының 1-қабатында өтеді.
Денеңізге жылы әрі жайлы күртеше немесе ыстық кофе ішуге арналған күрішке сатып алғыңыз келе ме? Сәтбаев университетінің символикасы жапсырылған осындай қажетті заттардың бәрін сіз жәрмеңкеден таба аласыз. Сондықтан да оларды бірінші болып сатып алуға асығыңыз.
Жәрмеңкеде брендтік тауарлардан басқа, ағылшын тілі курстары мен кәсіби фотосуретшілер курсын да табуға болады. Оның да қажеті бар ғой!
Сонымен, біліміңізді жетілдіре жүріп, өзіңіздің кім екеніңізді жария етуді де ұмытпаңыз!