Ақпарат:

19 желтоқсан 2018 4551

Алматы қаласында «Қазақтар Екінші дүниежүзілік соғыста: шетелдік архивтердің құжаттары» атты жинақпен таныстыру шарасы өтті

Алматы қаласында «Қазақтар Екінші дүниежүзілік соғыста: шетелдік архивтердің құжаттары» атты жинақпен таныстыру шарасы өтті

Жуырда Сәтбаев университетінде «Қазақтар Екінші дүниежүзілік соғыста: шетелдік архивтердің құжаттары» атты құжаттар жинағымен алғаш рет таныстыру рәсімі өтті.

Бұл аталмыш іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында Тұңғыш Президент күніне және Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласында атап көрсетілген «Архив-2025» жеті жылдық бағдарламасы туралы ұсыныстарын қолдауға орайластырылды.

Аталмыш жинақтың Бірінші томында қазақтардың Европа елдеріндегі Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысу тарихына жүргізілген кешендік ғылыми зерттеулердің нәтижелері берілген. Жинақ Ұлыбритания, Франция, Норвегия, Ресей, Финляндия секілді елдердің 15 шетелдік архивтері мен кітапханалары және мұражайларынан алынған құжаттық материалдардан құралған. Сонымен қатар Бірінші томға сол соғысқа куә болған адамдардың жеке архивтік құжаттары да енгізілді. Олардың көпшілігі бірінші рет жарық көріп отыр.

Бұл жұмыспен шұғылдана отырып, қазақстандық ғалымдар тарихты жүйелі және кешенді түрде зерттеуге тырысты. Олар архивтік және естелік құжаттарға сүйене отырып, қазақтардың Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысу жолдарын нақты суреттеп берді.

Жинақты құрастырушылардың бірі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Satbayev University Гүлнар Меңдіқұлова бұл еңбектің аса маңыздылығын атап өтті. «Әскери адамдар арасында «Соңғы әскер соғыстан оралғанша, соғыс аяқталды деп айтуға болмайды» деген қағидат бар. Тарихи деректер бойынша, Екінші дүниежүзілік соғыста хабарсыз кеткендер қатарында 350-ден 600 мыңға дейін қазақтар бар. Есімдері бірінші томда жарияланып отырған бірнеше мың адамдар қазір табылып отыр. Енді оларды үйлеріне қайтты деп санауға болатынын ерекше атап өткім келеді», – деді ол өз сөзінде.  

Бұл зерттеудің нәтижелері пәнаралық білім беру мақсатында қолданылады және ол тарихи ғылымдарды, әскер тарихын, әлеуметтік ғылымдар саласын қамтиды. Ал жарияланып отырған құжаттар студенттерге, магистранттар мен докторанттарға, тарихшы ғалымдар мен әскери қызметкерлерге, сондай-ақ Қазақстан тарихы және дүниежүзілік тарихпен шұғылданатын барлық қазақстандықтарға арналған.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту