Экономикалық форум өкілдерімен кездесу өтті
12 сәуір күні Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-да Академиялық жұмыс жөніндегі проректор Ринат Искаков Бүкіләлемдік экономикалық форум өкілдерімен кездесу өткізді. Оған Бүкіләлемдік экономикалық форумның Женевадағы кеңсесінің өкілі Рене Хюздон бастаған қонақтар қатарында Еуропадағы («Шелл» компаниясы) бизнес және сауданың Бас менеджері Филипп Чандлер, Адам ресурстары жөніндегі «Эни» компаниясының жетекшісі Жерон Шиебан, Қазақстандағы адам ресурстары жөніндегі «Флюор» компаниясының жетекшісі Гүлнұр Жұмабай, «Эни» компаниясының техникалық менеджері Паоло Эмилио Спада, Адам ресурстары жөніндегі «Эни» компаниясының вице-президенті Массимилиано Бранчи, «Шеврон» компаниясының әлеуметтік инвестиция жетекшісі Лейла Айтмұханова, «Шеврон» компаниясының қоғаммен байланыс менеджері Еркін Зікібаев, «Эни» Корпоративтік университетінің бас директоры Марко Кокагна қатысты. Ал Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дан Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жөніндегі басқарушы директор Ділдә Сәбитова, Базалық білім беру институтының директоры Дархан Құралханов, Қызметкерлерді басқару департаментінің директоры Айнұр Исаева, Қ.Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институтының директоры Талғат Еңсепбаев, Базалық білім беру институты директорының орынбасары Арсен Булеков, университеттің ұстаздары мен студент-магистранттар қатысты.
Бүкіләлемдік экономикалық форумның Женевадағы кеңсесінің өкілі Рене Хюздон жиналғандармен жүздескеніне алғыс білдіре отырып, Human Capital Skills Initiative Kazakhstan Deployment (Адам капиталы жөніндегі игі бастамаларды қазақстандық ыңғайда күшейту және басты тәжірибелерін игеру) жобасының мақсатына қысқаша тоқталып өтті. Жобаның мақсаты – мұнай құбырын салу, мұнай кәсіпшілігіндегі мамандардың дамушы нарықтардағы уақытын қысқарту, мұнай-газ саласының бүгіні мен болашағы туралы мәселелерін қарастыру. 2016 жылы SPE мұнай-газ инженерлеріне төртжылдық үлгідегі алғашқы оқу жоспары бағдарламалары әзірленген болатын. Ал Қазақстан – осы бағдарламаларды жүзеге асырудағы тұңғыш ел ретінде таңдап алынды. Сондықтан да қазақстандық алғашқы жобаның жоспары құрылып, онымен таныстыру мақсатында биліктегілермен алғашқы байланыс та орнатылды. Ендігі келесі қадамдар 2017 жылы жасалмақ. Алғашқы бағдарламаны қолдау үшін қазақстандық компания өкілдерін тағайындау және қызығушылық танытқан барлық серіктестермен ынтымақтастық шеңберін келісіп, 2017 жылы жоба жұмысын бастау туралы іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр.
Базалық білім беру институтының директоры Дархан Құралханов 1-курс бакалаврларына ағылшын тілін оқытудың жүйесі туралы қысқаша айтып өтті.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жөніндегі басқарушы директор Ділдә Сәбитова қос дипломды білім беру аясында мұнай-газ саласы бойынша білім алушы магистрлерге тоқталды.
Кездесу өте жоғары достық, ынмықтыстық қарым-қатынаста өтті.