2 мамыр 2017 10268

Ғылымға арналған ғұмыр

Ғылымға арналған ғұмыр

28 сәуірде Ғылыми кітапханада Ө.А.Байқоңыров атындағы Тау-кен-металлургия институтының «Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасының ұйымдастыруымен техника ғылымдарының докторы, профессор Маржан Нұрпейісованың 80 жылдық мерейтойына арналған кеш болып өтті.

Кешті «Тау-кен ісі» кафедрасының меңгерушісі, университетіміздің түлегі Қанай Рысбеков жүргізді. Ректор аппараты басшысы Берік Мықтыбаев және Ректор аппараты басшысының орынбасары, Ұлықпан Сыдықов ғалым Маржан Нұрпейісованы мерейтойымен құттықтап, ректорат атынан иығына шапан жауып, сый-құрмет көрсетті.

М.Нұрпейісова Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің «Маркшейдерлік іс жəне геодезия» кафедрасының профессоры. «Еңбек ардагері», «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен, «Қазақстан ғылымын дамытудағы еңбегі үшін» төсбелгісімен, «Саңлақ автор» ретінде А.Байтұрсынов атындағы медальмен марапатталған. 2006 жылы «Қазақстан Республикасы жер қойнауының Құрметті барлаушысы» атағын алған. Жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік ғылыми зерттеулері үшін Қ.И.Сəтбаев атындағы сыйлықтың және минералдық ресурстар саласындағы Ш.Е.Есенов атындағы сыйлықтың  лауреаты атанды. ҚР Білім жəне ғылым министрлігінің 2006 жылғы және 2011 жылғы «жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік гранттарының иегері. 2012 жылы ғалым-ұстазға ҚазҰТУ-дың Ғылыми кеңесінде «Алтын Гефест» сыйлығы  тапсырылды.

ҚР ҰҒА-ның академигі, Баян Рақышев, университет қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Герт Мұратәлиев және басқа әріптестері мүшелтой иесін құттықтап, сый-сыяпат көрсетті.

Сексеннің сеңгіріне шыққан мерейтой иесіне дүниедегі бар жақсылықты тілейміз!

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту