Ақпарат:

15 сәуір 2021 5711

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қашықтықтан оқыту: мәселелері мен болашағы» атты дөңгелек үстел өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қашықтықтан оқыту: мәселелері мен болашағы» атты дөңгелек үстел өтті

2021 жылдың 12 сәуірі күні университетімізде Әл-Машани атындағы Базалық білім беру институты Қазақ және орыс тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен «Сәтбаев оқулары – 2021» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қашықтықтан оқыту: мәселелері мен болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті (Microsoft Teams платформасы).

Аталған іс-шараның мақсаты – тәжірибе алмасу және инновациялық шешімдерді, идеяларды талқылау, сондай-ақ гуманитарлық кеңістіктің онлайн-білім беру әлеуетін; цифрландыру дәуірінде оқытушы мен студенттің өзара іс-әрекетінің ықтимал нысандарын ұсыну болды. Дөңгелек үстел барысында пандемия кезінде гуманитарлық ғылымдарды оқыту; тілдерді (қазақ, орыс, татар, түрік, әзірбайжан) қашықтықтан оқытудың тәжірибесі, мәселелері мен болашағы; тілдік білім беруде интернет-технологияларды пайдалану мәселелерінің кең аспектісі талқыланды.

Іс-шарада ф.ғ.д., проф. Е.В.Бережнова (ММХҚИ, Ресей),  ф.ғ.к., проф. К.С.Фатхулова, ф.ғ.д., проф. А.Ш.Юсупова (Қазан федералдық университеті, Татарстан), ф.ғ.к., доцент Г.А.Мирзоев, ф.ғ.к., еңбек сіңірген мұғалім Г.Д.Рзаева (Әзербайжан техникалық университеті, Әзірбайжан), ф.ғ.к., Ноттингем университетінің магистрі О.Т.Еділбай (Ұлыбритания), ф.ғ.к., проф. Ораз Сапаш (Стамбул университеті, Түркия), ф.ғ.к., проф. Б.М.Өтегенова (А.Байтұрсынов атынд. Қостанай Өңірлік университеті), ассист.-проф. Р.Б.Бекенова (Satbayev University, Қазақстан)  баяндама жасап, осы мәселенің талқылауына тіл білімі және филология, білім философиясы, тілдерді және гуманитарлық пәндерді оқыту саласының 45-ке жуық өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар жаңа форматтағы оқыту формасы толығымен автономды жүйе бола алмайды, тек дәстүрлі жүйеге қосымша ретінде оқу іс-әрекетінің белгілі бір түрлерінде ұтымды қолдануға болады дей келе, «қашықтықтан білім беру ешқашан мұғалімді алмастыра алмайды және ешқандай озық технологиялар да адамның орнын баса алмайды» деген ортақ тұжырымға келді. Іс-шара соңында болған еркін пікірталас шеңберінде қатысушылар онлайн оқытуда туындайтын қиындықтарды еңсеруде озық идеялар мен күш-жігерді шоғырландыру үшін осындай кездесулерді жиі өткізу қажеттілігін баса назар аударды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қашықтықтан оқыту: мәселелері мен болашағы» атты дөңгелек үстел өтті

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту