Ақпарат:

15 мамыр 2019 6872

Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәні аясында өткен студенттер саяхаты

Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәні аясында өткен студенттер саяхаты

Сәтбаев университеті Базалық білім беру институтының деканаты мен Қоғамдық пәндер кафедрасы үстіміздегі жылы 11 мамыр күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 1-курс студенттері үшін Алматы маңында орналасқан «Есік» мұражай-қорығы мен Есік қорғандарына саяхат ұйымдастырды.

«Есік» мұражай-қорығы 2011 жылдан бастап археологиялық қазбаларды зерттеумен айналысып келеді, соның нәтижесінде ғылымға бұрын белгісіз болып келген жаңа объектілер ашылды. Бұл ескерткіштердің құндылығы сонда – олар адамдардың ежелден бастап орта ғасырларға дейінгі қызметінің ізін айқындайды, сондықтан да өте бай ежелгі мәдениетті-тарихи мұралардан хабар беретін дереккөздер болып табылады.

Есік қорған-обалары – скиф-сақ дәуірінің ең ірі археологиялық ескерткіштері, әрі ХХ ғасырдағы маңызы аса зор, тамаша археологиялық жаңалық болып саналады. Ескерткіш б.з. дейінгі IV ғасырға жатады. Алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі сақталған сақ қорғандары Алматы облысы Есік қаласының маңынан табылған, ол дүние жүзіне кеңінен танымал, әрі Қазақстанның 100 киелі орындары қатарына жатады.

1969 жылы қазақ археологтары К.А.Ақышевтің басқаруымен Алматы маңында орналасқан осы алып қорғандарды зерттеуге кіріскен. Ағаш еденнің үстінде шырша бөренелерімен жабылған қабірден сақ жауынгерінің мүрдесі табылған, оның киімі алтын пластиналармен қапталған (Алтын адам). Бас киімі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ол күн құдайының белгісін беретін қанатты аттардың суреттерімен безендірілген. Ұзын семсер мен қысқа қанжар – оның қарулары.

Осы қорғаннан табылған сақ жауынгері бүкіл дүние жүзіне «Алтын адам» ретінде белгілі болды – ол тәуелсіз Қазақстанның символы, қазіргі қазақ халқының ата-бабалары – сақтар, ғұндар, үйсіндер, ежелгі түріктер мен қыпшақтар өмір сүрген кезең мен жердің бірлігін байланыстыратын бейнесі іспеттес. «Алтын адам» мүсінінің көшірмесі Қазақстан қалаларының көптеген мұражайларынан орын алып тұр. Ал осы аңызға айналған Алтын адам табылған жер 45 үлкен-үлкен обалардан тұратын үлкен қорғанның оңтүстік шетінде орналасқан.

Аталмыш саяхатқа 130 адам барды, олардың ішінде студенттер, оқытушылар, белсенділер және қызметкерлердің балалары бар. Қоғамдық пәндер кафедрасының оқытушылары гид ретінде саяхатшыларға барлығын түсіндіріп, айтып отырды. Ал студенттер «ҚР киелі географиясы» атты тақырыпта жазатын эсседе осы саяхаттан алған әсерлерімен бөлісетін болады. Ең үздік жазылған эссе студенттік «UNIQUM SU» журналында жарық көреді.

Field trip студентов в музей-заповедник «Иссык»

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту