Ақпарат:

14 мамыр 2018 104587

Лайфхак: ҰБТ-дан қалайша жоғары балл алуға болады

Лайфхак: ҰБТ-дан қалайша жоғары балл алуға болады

ҰБТ – жыл сайын бүкіл Қазақстандағы ата-аналар мен оқушылардың, мұғалімдердің мазаларын алып, бастарын ауыртып, жүйкелерін тоздырады. Біреулер үшін бұл қорқынышты түс сияқты болса, ал енді біреулер үшін – өз білімдерінің арқасында жоғары балл жинап, білім беру грантын жеңіп алуға тамаша мүмкіндік! 

Сонымен, Ұлттық бірыңғай тест тапсыруға аз ғана уақыт қалды. Сол себепті де біз ҰБТ-дан жоғары балл жинап, қазір Сәтбаев университетінде оқып жүрген студенттермен кездесіп, тест туралы өз ойларымен бөлісіп, жоғары балл жинауға не көмек бергені жайлы айтып берулерін өтінген едік.   

Айдана Бимағамбетова (3-курс):

– ҰБТ-ны мен 2015 жылы тапсырдым. Сол кезде мен 117 балл, ал қазақ тілі пәнінен бөлек 95 балл жинаған едім. Тестқа мейлінше белсенді түрде дайындалдым, өйткені Сәтбаев университетінің экономика мамандығына грантқа оқуға түскім келді. Бесінші пән ретінде мен географияны таңдаған едім, оны тапсыру қиындау болды.

В: Тест тапсырған күн есіңізде ме? Қатты қобалжыған шығарсыз?
О: Жоқ, мен аса қобалжымадым. Мүмкін, ол тезірек тест тапсырып, қиындықтан тезірек құтылғым келгендіктен шығар. Мен алдымен оңай сұрақтарға тез-тез жауап бердім де, қиын сұрақтарды кейінге қалдырдым.  

В: Болашақ талапкерлерге ҰБТ-ға жақсылап дайындалып, жоғары балл жинау үшін қандай кеңес берер едіңіз?

О: Бастысы – ештеңеден қорықпау керек, жақсылап дайындалса, бәрі де дұрыс болады. Тест тапсыру шарты аздап өзгергенімен, негізі сол күйінде қалды ғой. Менің беретін кеңесім – тарихтың айтулы даталарын есте сақтау әдісі. Біріншіден,тарихтан тест сұрақтарын мен күнде кешке қайталайтынмын. Екіншіден, даталар мен болған оқиғаларға орай ұқсас бір атауларды ойлап табатынмын, сонда есте сақтауға жеңілдірек болады. Мейлі, ол кез келген күлкілі, жағымды, жағымсыз, қызықты атау болуы мүмкін. Ең бастысы – есте сақталса болды. Ал математиканы тапсыру үшін, ең бастысы – есеп шығара отырып дайындалу керек, оған, әрине, практика қажет. Ендеше іске сәт бәріңе! :)

Рано Юсупова (1-курс):

– Мен ҰБТ-ны былтырғы жылы тапсырдым. Берілген 140 баллдан 102 алдым. Енді, міне, Сәтбаев университетінде грантта оқып жүрмін.

Мектепте оқып жүргенде бізді 10-сыныптан бастап жүйелі түрде ҰБТ-ға дайындады. Мен физика мен математика пәндерін тапсыратын болғандықтан, күнделікті үй тапсырмасынан тыс 10–20 есептен шығаратынмын. Тіпті бос уақытымызда біз бір-бірімізден физика формулаларын сұрайтынбыз. Ал тарих пәніне оқулық бойынша және тест сұрақтары бойынша дайындалдым. 

Тест тапсыратын күні қатты қобалжыдым, қол-аяғым дірілдеп те кетті. Ал енді тест тапсыруға отырғаннан кейін, өз-өзімді қолға алдым, бар қорқынышым сейілді. ҰБТ-ға ешқандай да шпаргалкасыз немесе тағы басқа көмек құралдарынсыз кірдім. Ештеңеге алаңдамай, тек өзіңнің біліміңе ғана сенген бір жағынан жеңіл екен. Сіздерге де сондай кеңес беремін. Біліп тұрсаң, ештеңеден де қорқып қажеті жоқ екен. Мен оны кейін түсіндім.

Ал түлектерге ҰБТ-да сәттілік тілеймін! Ең бастысы – оқыңыздар, оқыңыздар... 

Мұратова Аида (1-курс):

– Мен ҰБТ-ны бір жыл бұрын тапсырдым. Біз ҰБТ-ны жаңа форматта тапсырғандардың алғашқысы болдық. Әрине, өте қиын болды. Десе де, берілген жоқпын, тек алға ұмтылдым. Мен қатты уайымдадым, басқалар сияқты мен де қайғырдым. Төмен балл алып қалам деп емес, ата-анама, жақындарыма өзімнің бар қабілетімді көрсете алмай қалам ба деп қорықтым. Бірақ та олардың маған қолдау көрсеткендері үлкен көмек болды, өзіме деген сенімімді арттырды. Мен жатпай-тұрмай дайындалып, ҰБТ-дан 110 балл жинадым. Ал қазір енді басқаларға мынадай кеңес берер едім: еш уайымдамай, қобалжымай, тек қана жақсылықты ойлаңыздар. Өз қабілеттеріңізді көрсетіңіздер. Бәрі де өз қолдарыңызда, тек жеңіске қарай тырысу керек. Менің анам айтқандай: «Онымен өмір бітпейді». Бәрі де алда!       

ҰБТ-ны сәтті тапсырған студенттердің сөзінен кейін мынадай тұжырымдама жасауға болады. Сонымен, тестке психологиялық тұрғыда қалай дайындалу керек екені туралы ТОП 5 кеңестер:

  1. Өз-өзіңізге сенімді болыңыз! Бостан-босқа қобалжып, уайымдаудың керегі жоқ. Тест қаншалықты қиын болғанымен, ол мектеп бағдарламасынан еш ауытқымайды. Сондықтан да сұрақтардың басым бөлігіне дұрыс жауап бере алатыныңызға сенімді болыңыз. Атақты Шерлок Холмс сияқты миыңызды аздап қимылдататын болсаңыз, қандай қиындықты та жеңіп шығасыз!
  2. Арандатушылыққа берілмеңіз! Аудиторияда сізден көмек сұрайтын адам өте көп болады, бірақ та ҰБТ – алдымен сіздің өміріңізге қажет басты емтихан екенін ешқашан ұмытпаңыз.  Сондықтан да басқаның алдауына берілмей, ұялмай, ешнәрседен жүрексінбей, көмек беруден бас тартыңыз.
  3. Ағынмен бірге болыңыз! Тест тапсыруға кем дегенде бір ай қалғанда көпшіліктің ағынына еніңіз. Өзіңізге ыңғайлы күн тәртібін құрып алыңыз, уақытында тамақ ішіп, уақытында ұйқтаңыз. Мүмкіндігінше спортпен шұғылданып, таза ауада серуендеуді де ұмытпаңыз. Сонда ғана міздің миыңыз дұрыс жұмыс істейтін болады.
  4. Көрнекі болыңыз! Көрнекі болу,қиялдану – ойдағы жетістіктерге жетудің бірден-бір тамаша әдісі екені құпия емес. Өзіңіздің тест тапсыратын күніңіз бен емтихан үстіндегі жағдайыңызды күнделікті көз алдыңызға елестетіп, қиялданып жүріңіз. Сондай-ақ балл нәтижесін хабарлайтын сәтті де көз алдыңызға елестетіп, өзіңіз жоғары балл алғандай қуанышты сәтті сезініңіз.
  5. Егер де ҰБТ-дан төмен балл алып қалған болсаңыз – мұнымен өмір бітпейтінін ешқашан естен шығармаңыз! ҰБТ-ны қайтадан тапсыру мүмкіндігі бар, немесе оны келесі жылға да қалдыруға болады. Немесе өмірде тіпті басқа жолды таңдауға да болады ғой. Тарихта ҰБТ-сыз да талай-талай жетістіктерге жеткен немесе тамаша бизнес иесі атанған адамдар қаншама!

Ең бастысы – өз күшіңізге, біліміңізге сенімді болыңыз. Арандатушылыққа салынбаңыз! Ештеңеден де жүрексінбей, тек алға қарай, арман-мақсатыңызға қарай жүре беріңіз. Сонда ғана сіз жетістіктерге жетесіз! Ал Сәтбаев университеті сізге тек қана сәттілік тілеп, құшақ жая қарсы алады!

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту