Ақпарат:

28 маусым 2019 2515

Профессор Г. С.Тұрысбекова – Металлургия және өнеркәсіптік инженерия институтының директоры

Профессор Г. С.Тұрысбекова – Металлургия және өнеркәсіптік инженерия институтының директоры

Сәтбаев университетінің ректоры Искандер Қалыбекович Бейсембетовтың бұйрығы бойынша «Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту» кафедрасының профессоры Гаухар Сейтхановна Тұрысбекова 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап Металлургия және өнеркәсіптік инженерия институтының директоры болып тағайындалды. Ол техника ғылымдарының докторы, инженер-металлург, Мәскеу болат және қорытпалар институтының (МИСиС) түлегі, мамандығы бойынша жалпы еңбек өтілі 35 жылдан асады. Осы уақыт аралығында профессор Тұрысбекова 3 монография мен 50-ден астам жарияланымдардың авторы атанды. Оның басшылығымен 30 жылдан астам уақыт бойы алтынды биосинтезден айыру бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді, ал 2011 жылдан бері – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның құрамына енетін өндіріс орындарында уранды сілтіден айыру үрдісін жылдамдату үшін биотехнологиялық әдістерді қолданумен байланысты жұмыстар жүргізілуде. Бұл жайында Гаухар Тұрысбекованың өзі толығырақ былай дейді.

– «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның жүйесінде біз «Семізбай» және «Иркөл» кен орындарымен бірлесе отырып, темірді бактериялардан тотықтандыру технологиясын енгізу бойынша жұмыс жүргізудеміз. Сәтбаев университетінің зертханалары уран өндірудің тиімділігін арттыру және химиялық тотықтырғыштың орнына экологиялық биореагенттерді қолдану технологияларын ойлап тапты. Бұл экологиялық проблемларды шешу жолы. Инновациялық технологияларды қолдана отырып, жаңадан техногенді-минералды пайда болулар мен қалдыққоймаларды өңдеу тақырыбы қазіргі таңда өте өзекті болып тұр, – деп хабарлай отырып, профессор Тұрысбекова Қазақстанда 30 млрд тонна қалдыққоймалар мен техногенді-минералды пайда болулар жиналып қалғанын анықтай кетті.

Ал енді жаңа лауазым бойынша атқарылатын жұмыстардың жоспарына келетін болсақ, Гаухар Сейтхановна өзіне тапсырылған институтта мамандар даярлаудың сапасын арттыруға және серіктестердің өндіріс орындарында инновациялық жобаларды енгізуге бар күшін жұмсайтынын айтты. Оның сөзінше, салалық компанияларда алтын өндіру мен оны байыту үрдісіне инновациялық технологияларды енгізу жолдары ойлап табылып, жақын арада өндіріске енгізіледі. Сонымен қатар кәсіпорындарда «Ақылды кеніш» бағдарламасын білімдендіру үрдісі жүріп жатыр. Бұл бағдарлама аясында «Қазатомөнеркәсіп», «Қазақалтын», «Алтыналмас» және «Қазақмыс» компаниялары үшін жаңаша ойлайтын жоғары білікті мамандар даярлау ісі де қарастырылған.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту