2 қазан 2020 5445

Ректордың Ұстаздар күнімен құттықтауы!

Ректордың Ұстаздар күнімен құттықтауы!
Rector Satbayev University Iskander Beysembetov

"Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болады", – деп Ахмет Байтұрсынов айтпақшы, бұл дана сөздер бүгінде біздің университетке де қатысты болып отыр.

Сіздердің күш-жігерлеріңіздің арқасында Сәтбаев университеті ең беделді әлемдік рейтингтердің бірі – Times Higher Education World University Ranking қатарына кірді және үш жыл бойы Қазақстанда ғылыми зерттеулер көлемі бойынша көшбасшы болып келеді.

Мемлекеттің басты байлығы – білімді адамдар, ал біздің университетіміздің басты байлығы – біздің ғалымдарымыз, профессорларымыз және оқытушыларымыз.

Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық шабыт және жұмыста елеулі табыстар тілеймін.

Ғылыми жаңалықтарыңыз мен талантты студенттеріңіз көбейе берсін!

Игі құрметпен,
Сәтбаев университетінің Ректоры
Искандер Бейсембетов

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту