25 ақпан 2019 8711

«Сәтбаев – біздің замандас» атты байқауға эссе қабылдау басталды

«Сәтбаев – біздің замандас» атты байқауға эссе қабылдау басталды

Сәтбаев университеті Халықаралық Қ. И. Сәтбаев қоры мен ҚР Білім және ғылым министрлігімен ынтымақтаса отырып өткізетін «Сәтбаев – біздің замандас» атты эссе байқауын ашық деп жариялайды.

Академик Қ. И. Сәтбаевтың 120 жылдық мерейтойына арналған бұл байқау жоғары және орта білім беретін оқу орындары оқушыларының арасында өткізіледі. Байқауға қатысушыларға мынадай тақырыптар ұсынылады:

  1. Қ. И. Сәтбаев және Қазақстан ғылымы;
  2. Қазақстан тау-кен өнеркәсібінің жандануында Қ. И. Сәтбаевтың атқарған ролі;
  3.  Қ. И. Сәтбаев және Жезқазған;
  4.  Геолог Қ.И.Сәтбаевтың фашистік Германияны жеңуге қосқан үлесі;
  5. Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар – Қ. И. Сәтбаевтың еңбегін жоғары бағалау ретінде;
  6. Ертіс–Қарағанды каналының құрылысында Қ. И. Сәтбаевтың атқарған ролі;
  7. Қ. И. Сәтбаевты еске алу. Замандастар естелігі. Қ. И. Сәтбаев туралы мен не білемін (ғалым өмірінің кез келген кезеңі туралы жазуға болады);
  8. Қ. И. Сәтбаев – ғалым;
  9. Қ. И. Сәтбаев– азамат және патриот;
  10.  Қ. И. Сәтбаевтың өмірі – жастарға үлгі;
  11.  Қ. И. Сәтбаев және бүгінгі Қазақстан.

Ғалым туралы деректі фильм көріп, мұражайлар мен көрмелерді аралап, ол туралы кітап оқығаннан кейінгі алған әсермен шабыттана отырып жазылған шығармалар қуана қабылданады. Байқаудың нәтижелеріне қорытынды жасаған кезде ғалымның өмірі мен ғылыми қызметі жөніндегі фактілерді және Қ. И. Сәтбаевты жеке тұлға ретінде шығармашылық тұрғыда мәнерлеп суреттей алған мақалалар есепке алынады. Олардың ішіндегі ең қызықты деген мақалалар мен үзінділер кейіннен жарыққа шығатын болады. Байқаудың жеңімпаздары дипломдармен, мақтау қағаздарымен, құнды және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Эссе жазу тілдері: қазақ, орыс және ағылшын.

Байқауға қатысу үшін жазылған эссені 2019 жылдың 1 сәуіріне дейін мына электрондық мекенжайға жіберу керек: kisarhiv@mail.ru.

Хаттың тақырыбына: «Сәтбаев – біздің замандас» атты жастар байқауына» деп жазу керек. Сондай-ақ хатта автордың аты-жөнін, әкесінің атын, туған жылын, оқу орнын және оның мекенжайын, байланыс телефонын толық жазу керек. Шығармаға иллюстрацияларды (газет-журналдардың қиындысы, кітап және фотосурет көшірмелері) қосып салуға болады.

Байқау комиссиясының мекенжайы: 050013, Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 22, Мұнай ғимараты, 406-каб. Тел.: 8 (727) 2 92 73 02; 8 (727) 2 57 70 55.

Толығырақ

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту