27 мамыр 2019 6803

«Сәтбаев – біздің замандасымыз» атты республикалық байқаудың нәтижелері анықталды

«Сәтбаев – біздің замандасымыз» атты республикалық байқаудың нәтижелері анықталды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ және Халықаралық Қ. И. Сәтбаев қоры және Студенттер мәселелері жөніндегі департаментке қарасты Тарихи мұралар орталығы әлем таныған біртуар тұлға, ғұлама ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 120 жыл толуына орай «Сәтбаев – біздің замандасымыз» атты эссе байқауын республика көлемінде ұйымдастырған болатын.  

      Конкурстық комиссияға 370 жұмыс келіп түсті. Олардың ішінде 223 – қазақша, 107 – орысша және 3 – ағылшын тілінде болды. Айтулы сөз сайысына еліміздің барлық аймақтарынан оқушылар мен колледж студенттері және олардың ұстаз-жетекшілері белсене қатысқаны қатты қуантады. Комиссия мүшелері жұмыстарды жан-жақты саралап, талқылай келе, сайыстың қортындысын шығарды.

Комиссияның шешімі бойынша 3– бас жүлде, 3 – бірінші орын, 6 – екінші орын, 9 – үшінші орын белгіленді.

Қазақ  тілінде жазылған эссе бойынша бас жүлде – Бауыржан Жанерке. 11-сынып оқушысы, Қарағанды қаласы, жетекшісі – Қарлығаш Мұратханқызы Оспанова.

Орыс тілінде жазылған эссе бойынша бас жүлде – Жуков Иван. Қостанай политехникалық колледжінің студенті, жетекшісі – Байгентов Бауыржан Болатұлы.

Орыс тілінде жазылған эссе бойынша бас жүлде – Халиков Ратмир. Алматы қаласы №27 гимназияның оқушысы, жетекшісі – Крюкова Любовь Леонидовна.

Қазақ тіліндегі эссе бойынша 1-орын – Ерубай Арайлым, 11-сынып оқушысы, Түркістан облысы, жетекшісі – Байдәулетова Айткүл.

Орыс тілінде жазылған эссе бойынша 1-орын – Донская София, №4 гимназия оқушысы, Алматы қаласы, жетекшісі – Мульяева Елена Михайловна.

Ағылшын тілінде жазылған эссе бойынша 1-орын – Карандашов Мағжан, Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы, Шымкент қаласы.

2-орындарды Орынбаева Гүлбану (Қостанай), Ниязқұл Ақерке (Алматы), Стрельцова Екатерина (Алматы), Сапарбекова Маржан (Тараз қаласы), Мырзағұлова Камила (Қостанай) өзара бөлісті.

3-орындарды Қонысбай Мереке (Қызылорда облысы), Жарасбаева Гюзаль, (Қарағанды облысы), Сәбитова Аружан (Түркістан облысы), Ильясова Диана (Қарағанды қаласы), Орлова София (Қарағанды қаласы), Сатекбаев Руслан (Қарағанды облысы), Маркевич Полина (Алматы қаласы) иелік етті.

Алматы қаласындағы №99 орта мектепте Уралова Римма Зиновьевна жетекшілік ететін 3-сыныптың оқушылары Сайдалимова Айниса, Мұсаева Ясмин, Кулиев Махди, Гринберг Диана, Мартынюк Владислав, Микитаев Досбиды ерекше атап өткен жөн. Олар Кәкімбек Салықовтың «Қаныш жұлдыздары» атты поэтикалық жинақтан үзінділер оқып, естелік сыйлықтармен марапатталды. Ал университеттің Студенттік шығармашылық орталығы өз кезегінде байқауға қатысушыларға арнап концерттік бағдарлама дайындады.

Ұйымдастырушылар комитеті байқаудың барлық қатысушылары мен олардың жетекшілеріне жастар арасында қазақстандық патриоттық сезімді дамытуға қосқан үлестері үшін зор алғыс білдіреді. 

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту