«Сәтбаев оқулары-2020» конференциясына материалдар қабылдау басталды
2020 жылы 10 сәуір күні еліміздегі техникалық білімнің қара шаңырағы – Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде «Сәтбаев оқулары-2020» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Конференцияға қатысуға студенттер, магистранттар, жас ғалымдар шақырылады!
«Сәтбаев оқулары - 2020» конференциясының жұмыстары келесі ғылыми бағыттарда жүргізіледі:
- Геология, геофизика, мұнай-газ және тау-кен ісі;
- Металлургия және өнеркәсіптік инженерия;
- Сәулет және құрылыс;
- Өндірісті автоматтандыру және цифрландыру;
- Кибернетика және ақпараттық технологиялар;
- Химиялық және биологиялық технологиялар;
- Жобаны басқару;
- Негізгі пәндер.
Ғылыми еңбектер жинағы конференциядан кейін сайтта электронды нұсқада беріледі. Көлемі 4 беттен тұратын материалдар талаптарға сай рәсімделіп, электронды мекен-жай арқылы конференцияның тиісті бөліміне жіберіледі. Конференция аяқталғаннан кейін қатысушыларға сертификаттар тапсырылады. Ұйымдастыру комитеті рәсімдеу талаптарына сай келмейтін баяндамаларды кері қайтаруға құқылы.
Ғылыми жұмыс тілі: қазақ, орыс, ағылшын.
Конференцияға берілетін баяндамалар мәтінін қабылдаудың соңғы күні: 15 наурыз 2020 ж.
Өткізілетін орны: Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 22, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ.
Материалдарға қойылатын талаптар және жауапты тұлғалардың өтініштері