Сәтбаев университеті 2025–2026 оқу жылының көктемгі семестрінің академиялық ұтқырлық бағдарламасына өтінім қабылдауды бастады

Сәтбаев университеті 2025–2026 оқу жылының көктемгі семестріне арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасына өтінім қабылдауды бастады. Бағдарлама әртүрлі бағыттар бойынша түрлі шарттармен бірнеше оқу түрлерін ұсынады.
1-бағдарлама: Гонконг қалалық университетінде (CityUHK) оқу
Бағдарламаға бакалавриат, магистратура мен докторантура студенттері қатыса алады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 25 қыркүйек.
Шәкіртақы: оқу ақысы тегін; ұшу билеттері, медициналық сақтандыру және тұру шығындары студенттің жеке қаражаты есебінен қамтылады.
Орындар саны: 5
Қолжетімді мамандықтар:
- Энергетика
- Биомедициналық инженерия
- Бағдарламалық инженерия
- Материалтану
- Машина жасау
- Сәулет
- Құрылыс инженериясы
- Аэроғарыштық технологиялар
- Ядролық инженерия
- Electrical Engineering
2-бағдарлама: Студенттің таңдауы бойынша әлемнің кез келген ЖОО оқу
Бағдарламаға бакалавриаттың 1, 2 және 3-курс студенттері қатыса алады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 31 қазан.
Шәкіртақының әртүрлі варианттары: университет қаражаты есебінен, студенттің жеке өз қаражаты есебінен, сондай-ақ Erasmus+ халықаралық бағдарламасы аясында болуы мүмкін.
Қажетті құжаттар:
- Паспорттың көшірмесі.
- Ресми транскрипт (ағылшын және орыс тілдерінде, кумулятивті GPA 2.67-тен төмен болмауы керек).
- Шет тілін білетінін растайтын сертификат:
- IELTS (5.5 және одан жоғары),
- TOEFL iBT (80 және одан жоғары) немесе ITP (550 және одан жоғары),
- Duolingo English Test (B2 және одан жоғары).
- Сертификат болмаған жағдайда, ағылшын тілі кафедрасында тест тапсыруға болады.
- CV (еуропалық форматта жазылған түйіндеме),
- Ағылшын тілінде жазылған мотивациялық хат,
- Студенттің профессоры ағылшын тілінде жазған ұсыныс хаты.
Барлық сұрақтар бойынша Халықаралық ынтымақтастық кеңсесіне хабарласу керек: МК, 302-каб.