7 маусым 2023 2709

Сәтбаев Университеті Әбдіқаппар Әшімовтың еңбегіне құрмет көрсетуде

Сәтбаев Университеті Әбдіқаппар Әшімовтың еңбегіне құрмет көрсетуде

6 маусым күні Сәтбаев Университетінде Әбдіқаппар Әшімов атындағы аудитория ашылды. Жиынға ұстаз-профессорлар, Әбдіқаппар Әшімовтің әріптестері мен замандастары, белгілі ғалымдар мен студенттер қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Жиынды университеттің «Ақсақалдар алқасының» төрағасы Ұлықпан Есілханов жүргізді.

Аудиторияның ашылу салтанатында Баян Рақышев, Досым Сүлеев, Жексенбек Әділов және басқа да беделді ғалымдар сөз сөйлеп, әйгілі Политехтың бұрынғы ректоры туралы естеліктерімен бөлісіп, студенттер мен қызметкерлерге сәттілік тіледі.

Сәтбаев Университеті Әбдіқаппар Әшімовтың еңбегіне құрмет көрсетуде

Әбдіқаппар Әшімұлы – Сәтбаев Университетінің дамуына ерен еңбек сіңірген ұлағатты ұстаз, оқу орнының бас ғимараты осы тамаша ғалымның атсалысуымен бой көтерген еді. Сонымен қатар Әбдіқаппар Әшімов әлемдік ғылым мен техниканың дамуына зор үлес қосқан, басқару жүйелерінің теориясы мен техникалық кибернетика саласындағы қазақ ғылыми мектебінің негізін салушы, көрнекті ғалым ретінде де танымал ғалым.

Аудиторияның ашылуы Сәтбаев Университетінің сенімді серіктесі «Қазцинк» компаниясының және оның бас директоры Александр Хмелевтің қолдауымен жүзеге асып отыр. Университет Сізге және Сіздің командаңызға өзара табысты ынтымақтастық пен қолдау көрсеткеніңіз үшін алғыс білдіреді. Сіздің жомарттығыңыз бізге осы жобаны жүзеге асыруға көмектесіп қана қоймай, Қазақстандағы білім мен ғылымның одан әрі дамуына дем беріп отыр.

Осы жаңа аудиторияның көмегімен студенттеріміз білікті маман болып шығып, еліміздің игілігі үшін адал еңбек ететініне сенімдіміз.

Сәтбаев Университеті Әбдіғаппар Әшімовтың еңбегіне құрмет көрсетуде

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту