Ақпарат:

24 мамыр 2024 3081

Сәтбаев Университеті аддитивті технологиялар саласында әлемнің ірі өндірушілерімен ынтымақтастықты нығайтады

Сәтбаев Университеті аддитивті технологиялар саласында әлемнің ірі өндірушілерімен ынтымақтастықты нығайтады

2024 жылғы 7 мамыр күні Швейцарияда (Хинвил қаласы) European AM Excellence Days аддитивті технологиялар бойынша халықаралық бизнес-конференциясы аясында Сәтбаев Университеті мен EOS (Германия) және Norm Additive (Түркия) компаниялары арасында консорциум құру туралы негіздемелік келісімге қол қойылды.

Консорциум аясында Алматыда Физико-техникалық институт базасында Аддитивті технологиялар орталығын құру жоспарланып отыр. Қол қою рәсіміне Қазақстан Республикасының Швейцария конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Саржанов, сондай-ақ «Kazakh Invest» компаниясының Еуропадағы ресми өкілі Сәкен Олжабаев қатысты.

Тараптар компанияның 3D принтерлерін пайдалана отырып, әртүрлі компоненттерді өндіру үшін қолданылатын материалдармен жұмыс істеу үшін ғылыми-инновациялық құзырет орталығын құру бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыру туралы келісті.

Бірінші кезеңде технологиялар трансферті және құзыреттерді құру орталығы құрылады, екінші кезеңде шағын көлемдегі өнімдерді шығаратын ғылыми-инновациялық орталық (R&D) құру көзделген. Үшінші кезең – медициналық, автомобиль жасау, аэроғарыш, машина жасау және мұнай-газ өнеркәсібіне арналған компоненттерді коммерциялық өндіру. Ал дамудың соңғы кезеңінде компаниялар өнеркәсіптік ауқымда өндірісте қолдану үшін полимерлерді зерттеуге кіріседі. Болашақта бұл Қазақстанда 3D-баспаны пайдалана отырып, жоғары қосымша құнға ие және әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті жоғары сапалы бөлшектерді өндіру саласының негізін құруға мүмкіндік береді.

2023 жылы қараша айының басында EOS компаниясының президенті Маркус Глассер, сондай-ақ «Norm Additive» компаниясының өкілдері Еркан Алес пен Джейхун Араз Норм Қазақстанға ресми сапармен келді. Делегация сол кезде Сәтбаев Университетінде болып, университеттің еншілес кәсіпорындарының материалдық-техникалық базасымен және үй-жайларымен танысты. Компания өкілдері Сәтбаев Университетінің ректоры Мейрам Бегентаевпен, инженерлік зертханалардың меңгерушілерімен және материалтану, нанотехнология және инженерлік физика кафедраларының меңгерушілерімен кездесіп, алдағы ынтымақтастық қарым-қатынастың негізгі мәселелерін талқылады.

European AM Excellence Days – Sauber Motorsport AG, Deutsche Bahn, Siemens, Lego, Materialise және т.б. сияқты аддитивті өндіріс жабдықтарын өндірушілер мен аддитивті технологияларды қолданатын әртүрлі өнімдерді өндірушілер үшін ұйымдастырылатын іс-шара, оның мақсаты – өзара тәжірибемен бөлісіп, пікір алмасу, металл және полимерлі материалдар негізіндегі жаңа өндіріс әдістерін әзірлеу.

Сәтбаев Университеті аддитивті технологиялар саласында әлемнің ірі өндірушілерімен ынтымақтастықты нығайтады

aСәтбаев Университеті аддитивті технологиялар саласында әлемнің ірі өндірушілерімен ынтымақтастықты нығайтады

Сәтбаев Университеті аддитивті технологиялар саласында әлемнің ірі өндірушілерімен ынтымақтастықты нығайтады

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту