Ақпарат:

6 ақпан 2025 1563

Сәтбаев университеті әлемдік Webometrics рейтингінде жоғары көтерілді

Сәтбаев университеті әлемдік Webometrics рейтингінде жоғары көтерілді

Сәтбаев университеті әлемдік Webometrics рейтингіндегі позициясын айтарлықтай жақсартып, жаһандық рейтингтегі 3913-орыннан (2024 ж.) 2025 жылы 2595-орынға, ал қазақстандық университеттер арасында үшінші орынға көтерілді. Бұл аймақтағы техникалық жоғары оқу орындары арасындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі.

Жоғары көтерілудегі негізгі факторлардың бірі – университеттің ресми сайтының қайтадан жағартылуы болып отыр. Ол әлемдік стандарттарға сәйкес жаңартылып, пайдаланушыларға ыңғайлықты арттырды, мазмұн құрылымын жақсартты және әлемдік білім беру кеңістігінде Сәтбаев университетінің цифрлық қатысуын күшейтті.

Университеттің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Раиса Өскембаева ұжымды осы жетістігімен құттықтады:

– Бұл көрсеткіш – бүкіл университет ұжымның еңбегі. Сондай-ақ біз Гүлзия Бүршұқова мен оның әріптестеріне шексіз алғыс айтамыз! Олардың кәсіби біліктілігі осындай жетістіктерге жетуге мүмкіндік берді», – деп жазды ол құттықтауында. – Біз табандылықпен алға қарай жылжи береміз, сөйтіп бірлескен ұжымдық жұмыс тамаша нәтиже беретінін дәлелдейміз. Осы жоғары жетістікке үлес қосқан әрбір адамға үлкен рахмет!

Webometrics – испандық Cybermetrics Lab зерттеу орталығы әзірлеген университеттердің әлемдік беделді рейтингі. Ол 30 000-нан астам университеттердің интернетке қатысуына, зерттеу әсеріне және цифрлық беделіне қарай баға береді. Сәтбаев университеті соңғы 10 жыл ішінде осы Webometrics рейтингіндегі өз позициясын үнемі жақсартып, аймақтағы жетекші техникалық университеттердің бірі ретіндегі мәртебесін үнемі растап келеді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту