23 желтоқсан 2022 3290

Сәтбаев Университеті Алматы қаласы жоғары оқу орындарының басшыларын Асылбек Қожахметовпен өтетін кездесуге шақырады

Сәтбаев Университеті Алматы қаласы жоғары оқу орындарының басшыларын Асылбек Қожахметовпен өтетін кездесуге шақырады

26 желтоқсан күні Сәтбаев Университетінде Асылбек Қожахметов "Университеттің тиімді моделін іздестіру. Шешім қабылдаушы адамдармен ашық әңгіме" атты дәріс оқиды. Университет Алматы қаласы жоғары оқу орындарының ректорлары мен топ-менеджерлерін шақырады.

Өтетін күні мен орны: Сәтбаев Университеті,  ГМК, 265-каб., сағ. 16.00. 

Анықтама мына телефон бойынша: +7 707 927 80 46.

Асылбек Базарбайұлы Қожахметов - қоғам қайраткері, бизнесмен, Almaty Management University-нің (Халықаралық бизнес академиясы) негізін қалаушы және президенті. "Құрмет" орденінің кавалері. "Қазақстан азаматтық альянсы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті. Республикалық және шетелдік журналдарда Қазақстанда менеджментті дамыту жөніндегі 50-ден астам жарияланымдардың авторы. Байланыс, білім беру және бизнес саласының білікті маманы.

Тэги: SU Talks
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту