Сәтбаев Университеті «Аманат» партиясының саясатын талқылауда
28 қыркүйек күні әйгілі Политехтың оқытушылары мен студенттері «Аманат» партиясының жаңа платформасын талқылап, елімізде болып жатқан ауқымды өзгерістер туралы да әңгімеледі.
Қазақстан өз дамуының жаңа кезеңіне аяқ басып отыр, ал қоғам Қазақстанды жаңаша өзгертуге келесі қадам жасауда. Терең саяси және экономикалық реформалар бүкіл қоғамда орын алып отырған мәселелерді, атап айтқанда, президенттік басқару мерзімінен бастап, елдегі жетекші партияның платформасына дейінгі мәселелердің бәрін қамтиды.
«Аманат» партиясы жаңа реформаларды толығымен қолдайды және азаматтық қоғаммен, атқарушы және заң шығарушы билік органдарымен қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеру үшін, қолдан келетін амалдардың барлығын жасауда. Осы мақсатта «Аманат» партиясы өзінің саяси платформасын, бағдарламасын, сондай-ақ партияішілік жұмыс процестері мен әдістерін жаңартуда. Осылайша жаңа саяси мәдениет қалыптасып, «Аманат» партиясы сол өзгерістердің жаршысы ролін атқаруда.
Сәтбаев Университеті «Аманат» партиясымен бірге Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашыл болған жүйелі өзгерістерді қолдайды. Біз Президенттің жоғары оқу орындардағы ғылыми-технологиялық парктерді қолдау бағдарламасына сүйене отырып, болашаққа нық сеніммен қадам басып келеміз.
ехникалық білім беру жүйесін дамытудың маңыздылығына тоқтала отырып, Қасым-Жомарт Тоқаев былай деді: «Бұған дейін мен еліміздің батысында техникалық университеттер құру қажеттілігі туралы айтқан болатынмын. Олар жоғары технологиялық салалар үшін кадрларды даярлаудың маңызды элементіне айналады. Алайда қазір сәтті түрде жоғары білім беріп жүрген техникалық университеттерді, атап айтқанда, Қаныш Сәтбаевтың есімін алып жүрген университетті де ұмытпағанымыз жөн. Бұл Қазақстандағы техникалық жоғары білімнің флагманы, әрі жалғыз ғана ұлттық техникалық университет. Сондықтан да ол жаңа техникалық университеттер үшін ғылыми-өндірістік базаға айналуы тиіс».
Сәтбаев Университеті қоғамды Әділетті Қазақстан құру идеясының төңірегіне бірігуге шақырады. Халқымыздың болашағы туралы мәселе бүгін шешілуде, ал өзгерістер бізден басталады!