Сәтбаев университеті аруларды 8 Наурыз мерекесімен құттықтады

Сәтбаев университеті Халықаралық әйелдер күнін атап өтті. Салтанатты концертте ректор Мейрам Бегентаев ғылым мен білім саласына қосқан зор үлесі үшін Политехтың барлық аяулы аруларына алғыс білдіріп, мерекемен құттықтады.
Мерекелік концерт залды көтеріңкі көңіл-күй мен қуанышқа бөледі: университеттің шығармашылық топтары музыкалық нөмірлерін орындап, ән салып, би биледі, ал ер-азаматтар қауымы шынайы алғыс сөздермен ыстық лебіздерін білдірді.
Сәтбаев Университеті нәзік жандарды Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтайды! Сіздерге сәттілік, толағай табыс пен баянды бақыт тілейміз!