Сәтбаев университеті Арыста зардап шеккендерге көмек көрсету акциясына қосылады
Үстіміздегі жылы 24 маусым күні Түркістан облысы Арыс қаласында қатты жарылыс болды – әскери бөлімшенің аумағындағы қоймада сақталып тұрған оқ-дәрілер жарылды. Тұрғындардың ішінде 165 адам жарақат алды. Халық қауіпсіз жерге көшіріліп, қалада төтенше жағдай орнады. Қазіргі кезде қаланың іші босап, қайта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.
Сәтбаев университеті апат құрбандарына көмек көрсетіп, қаланы қайта қалпына келтіру жөніндегі акцияға қосылады. Университет басшылығы ұжымдағы қызметкерлердің бір күндік табысын осы апаттан кейін арнайы ашылған «Түркістан» әлеуметтік даму қорына аудару жөнінде бастама көтерді.