11 қыркүйек 2023 1449

Сәтбаев Университеті «Арыстан» лицейіне оқу үшін екі дрон сыйға тартты

Сәтбаев Университеті «Арыстан» лицейіне оқу үшін екі дрон сыйға тартты

Қыркүйектің 9-ы күні Сәтбаев Университетінің ректоры Мейрам Бегентаев «Арыстан» мамандандырылған әскери лицейінде оқушылардың салтанатты түрде әскери ант беру рәсіміне қатысты. Лицейдің 9-сынып оқушылары жолдастары мен ұстаздарының алдында лицейге адал болып, туған Қазақ елінің азаттығы мен тәуелсіздігін сақтау үшін күзетке әрқашан дайын болуға уәде берді. Салтанатты іс-шарадан кейін жігіттер «Арыстандықтардың» алдыңғы ұрпағы осыдан 10 жыл бұрын жазып қалдырған өсиет сөздері бар уақыт капсуласын ашты.

Екі оқу орнының ынтымақтастық қарым-қатынасы аясында Сәтбаев Университеті лицейге екі ұшақ типті квадрокоптерді сыйға тартты. Дрондар өмірдің заманауи шындығына жауап ретінде оқу құралына айналады және лицей оқушыларына олармен жұмыс істеуді тәжірибе жүзінде меңгеруге көмектеседі.

Сәтбаев Университеті жастарды өздерінің білім деңгейін дамытуға үнемі шақырып отырады және олардың бойларында техникалық инновацияларға деген сүйіспеншілікті оятады. Ал қорғаныс саласы техникадан кенде емес – техникалық тұрғыда даму кез келген басқа жерге қарағанда мұнда өте маңызды. Дрондарды пайдалану барлық мәселені тиімдірек және қауіпсіз түрде шешуге мүмкіндік береді, ұрыс қимылдарының тиімділігін арттырады және тұтастай алғанда ел қорғанысының ілгерілеуіне ықпал етеді.

Сәтбаев Университеті «Арыстан» лицейіне оқу үшін екі дрон сыйға тартты

Сәтбаев Университеті «Арыстан» лицейіне оқу үшін екі дрон сыйға тартты

Сәтбаев Университеті «Арыстан» лицейіне оқу үшін екі дрон сыйға тартты

Сәтбаев Университеті «Арыстан» лицейіне оқу үшін екі дрон сыйға тартты

SСәтбаев Университеті «Арыстан» лицейіне оқу үшін екі дрон сыйға тартты

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту