Сәтбаев Университеті «Астана Моторс» зауыттары үшін мамандар даярлайтын болады
25 тамыз күні Сәтбаев университеті мен «Астана Моторс» компаниясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Өндіріс қызметкерлері мен ғылыми мамандарды біріктірген ортақ идея – елді одан әрі индустрияландыру, инженерия және машина жасау саласында жоғары білікті мамандар класын қалыптастырудың маңыздылығын түсіну, талапкерлер мен кіші ғылыми мамандар үшін бәсекеге қабілетті әрі талапқа сай білім беру бағдарламаларын құру болып отыр.
— Өнеркәсіптің нақты жұмыс істеуі үшін жоғары білікті кадрлар қажет екені белгілі. Біз өз қызметкерлерімізді компания ішінде ұзақ уақыт бойы үйретеміз, оқытамыз, бірақ бұл қажетті талапты қамтамасыз етпейді. Өнеркәсіпті дамыту үшін, бізге біркелкі жүйелілік пен сыни көзқарасы бар мамандар қажет: механик пен слесарь, инженерлер, мұнай өңдеу, металлургия саласынадағы әртүрлі құрылысшылар, «мердігерлер»... Бүгінгі меморандум – болашаққа жасалған қадам: біз кадрлар даярлау, ғылыми әлеуетті дамыту, заманауи R&D-орталықтарын құру бойынша бірлесіп жұмыс істей бастаймыз», – деді өз сөзінде «Астана Моторс» компаниясының бас директоры Бекнұр Несіпбаев.
Келісімшартқа қол қою рәсімі Hyundai Trans Kazakhstan зауытында өтті. Кездесу барысында екі жақ тараптар болашақтағы ынтымақтастық қарым-қатынастың жол картасын егжей-тегжейлі талқылады. Жол картасы теориялық және практикалық білім беру бағдарламаларын әзірлеу, репетиторлық және дуальды оқыту жүйесін енгізу, «Astana Motors» компаниясының базасында машина жасау кафедрасының филиалын ашу және MBA, DBA деңгейлерінде техникалық және басқарушы кадрларды даярлау үшін бірлескен ғылыми әзірлемелерді енгізуге арналған R&D-орталығын, зертханалар ашу мәселелерін қамтиды.
— Академиялық блок бойынша біз білім беру бағдарламаларын қайтадан жинақтап, өндірістің заманауи талаптарына сәйкестендірдік. Студенттеріміз практикалық дағдыларды максималды түрде меңгеруі үшін біз үнемі қадағалап отырамыз. Профессор-оқытушылар құрамы өз сабақтарының бір бөлігін өндірістік шеберханаларда өткізуге дайын, өйткені біз тек өндіріске ғана емес, ғылыми-зерттеу және ғылыми кәсіпкерлікке қажетті кадрларды да даярлауға мүдделіміз. Бұл өз кезегінде өндіріс деңгейін арттыруға, басқа да аралас салаларды құру мен дамытуға және қазақстандық ресурстарды пайдалануға үлкен мүмкіндіктер ашады. Сондықтан «Астана Моторс» компаниясымен бірлескен жоспарымызда ғылыми-зерттеу жұмыстары, ҒЗТКЖ дамыту бойынша көптеген бағыттар бар», – деп атап өтті Сәтбаев Университетінің ректоры-Басқарма төрағасы Мейрам Бегентаев.
Ректорының айтуынша, жол картасы бойынша жасалатын алғашқы қадамдар осы қыркүйек айында басталады.
Меморандумға қол қойылғаннан кейін Сәтбаев Университетінің делегациясын Hyundai Trans Kazakhstan зауытының өндірістік нысандарымен таныстыру мақсатында экскурсия ұйымдастырылды, кадрларды қайта даярлау мен біліктілігін арттыру бойынша ішкі білім беру жүйесімен таныстырды, сондай-ақ тараптар «Астана Моторс» компаниясының мультибрендті жобасы – Astana Motors Manufacturing Kazakhstan жаңа зауытының құрылыс алаңында болды. Мұнда өндіріс жоғары деңгейде роботтандырылған, өйткені бұл жерден қазақстандық Changan, Haval және Chery маркалы автомобильдер шығарылады.