20 наурыз 2024 2908

Сәтбаев Университеті аймақтардағы оқушылар үшін кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізуде

Сәтбаев Университеті аймақтардағы оқушылар үшін кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізуде

Тау-кен металлургия институтының «Металлургиялық процестер, жылу техникасы және арнайы материалдар технологиясы» кафедрасы Өскемен қаласында кәсіптік бағдар беру жұмысын белсенді түрде жүргізуде. Кафедра меңгерушісі Татьяна Чепуштанова мен кафедра профессорлары Мұхамет Шаяхметов атындағы № 23 мектептің 10 және 11-сынып оқушыларымен кездесіп, олардың Сәтбаев Университетінде оқуға қатысты барлық сұрақтарына жауап берді және металлургия саласы бойынша білім беру бағдарламаларын талқылады, сондай-ақ мектеп қабырғасында кәсіптік бағдар беру орталығын құру туралы да айтылды.

Кафедра өкілдері студенттермен кафедрада бар кәсіптік бағыттар, металлургия, жылу техникасы және арнайы материалдар технологиясы саласы бойынша мамандарды даярлаудың мүмкіндіктері мен келешегі туралы және осы салаларда, сондай-ақ металлургиялық процестерді автоматтандыру мен цифрландыру саласында кәсіби тұрғыда өсу перспективалары туралы ақпаратпен бөлісті.

Аталмыш іс-шара Өскемен титан-магний комбинатының, № 23 мектеп директоры Нұргүл Тарина, Өскемен қалалық білім беру бөлімі және Шығыс Қазақстан облысы білім беру басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды. Бұл маңызды оқиға мектеп оқушыларына болашақ мамандығын таңдауға және жоғары оқу орнына түсуге дайындық туралы пайдалы ақпарат алуға мүмкіндік берді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту