11 наурыз 2022 2613

Сәтбаев Университеті балаларды веложарысқа қатысуға шақырады

Сәтбаев Университеті балаларды веложарысқа қатысуға шақырады

Сәтбаев Университеті қызметкерлердің балалары мен немерелерін Наурыз мейрамы құрметіне орай ұйымдастырылатын «Вжик!» веложарыс турниріне қатысуға шақырады.

Жарыс Наурыз мейрамын тойлау кезіндегі демалыс күні өтеді, әрі 20-дан астам қатысушы жиналса ғана, жарыс өткізіледі! 

  • Жарысқа 20 наурызға дейін өтініш тапсырған қызметкерлердің балалары мен немерелері қатысады.
  • Балалардың жастарына қарай жарыс 3 категорияда: 2–3 жастағы; 3–4 жастағы; 4–5 жастағы балалар арасында және 4 түрлі көлікте өтеді: велосипед, самокат, жарысқа арналған велосипед, талакар. 
  • Қатысушылар 2 адамнан жарысады, нәтиже үшін жарыс уақыты есептеледі.
  • 1, 2, 3-орын алған жеңімпаздарға дәрежесіне сәйкес арнайы диплом беріледі. Қатысушылардың барлығы да Қызметкерлердің кәсіподақ ұйымы атынан дипломмен, медальмен, естелік сыйлықтармен марапатталады.
  • Қатысушыларға қойылатын талаптар – басында шлем болуы керек, спорттық киім мен аяқ киім киюі керек.

Өтінішті төменде көрсетілген байланыс телефондары арқылы беруге болады. Өтініш 20 наурызға дейін қабылданады.

Өтініште көрсету керек:

  • Қызметкердің аты-жөні, фамилиясы, жұмыс орны, телефоны (байланыс үшін);
  • Қатысушының аты-жөні, фамилиясы, туған күні мен жылы, спорттық жетістіктері.

Байланыс үшін:

Лактионова Виктория, +7 701 750 49 01 (WhatsApp), (ішкі) 7447, ГМК, № 11.

Арайлым +7 707 433 4908 (WhatsApp), НК, Кәсіподақ комитеті.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту