2 ақпан 2023 2997

Сәтбаев Университеті бесінші Digital Almaty форумына қатысты

Сәтбаев Университеті  бесінші Digital Almaty форумына қатысты

Алматы қаласында «Digital Almaty: жаңа шынайылық жағдайындағы цифрлық серіктестік» атты V Халықаралық мерейтойлық цифрлық форум өз жұмысын бастады. Сәтбаев Университеті пікірсайыстар мен жетістіктер көрмесінен басқа, форум аясында өткен жоғары оқу орындары жәрмеңкесіне де қатысты. Университет өкілдері оқу орнына түсу ережелері мен білім беру бағдарламалары туралы айтып, болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктері жайлы әңгімеледі. Сондай-ақ университет ғалымдарының VR саласындағы жетістіктерін көрсетіп, қатысушылар назарына «Цифрлы балама» жобасын ұсынды.

Digital Almaty форумы – бизнес өкілдерінің, халықаралық сарапшылар мен ІТ-қауымдастық өкілдерінің қатысуымен жыл сайын Алматыда өтетін ең ірі технологиялық іс-шара. Оған 30-дан астам елдің өкілдері мен 400-ден аса компания, ЕАЭС елдерінің басшылары қатысып, цифрландыру саласына сіңірген зор еңбектері үшін берілетін дәстүрлі сыйақыларды табыс етті.

Satbayev University принял участие в пятом форуме Digital Almaty

Биылғы жылғы форумда талқыланған басты тақырып – инновациялық технологиялар саласын дамытудың заманауи жаһандық сын-қатерлері туралы, цифрлық технологиялар заманында адами капитал мен креативті индустрияны дамыту және Еуразия аймағындағы өндіріс пен қызмет көрсету түрлерінің негізгі бағыттарын цифрлық трансформациялау туралы болды.

Форумда әр елдер технопарктерінің, халықаралық вендорлардың және венчурлық қорлардың көрмелері ұйымдастырылды. Индустрия 4.0 көрме орындары мен Инновациялық орталық (Innovation Center) өнеркәсіптік индустриядағы инновациялар мен үздік IT әзірлемелерді көрсетеді. Форумның екінші күні Astana Hub Battle технологиялық стартаптарының финалдық жарысы өтеді деп жоспарланған. Жарыстың жүлде қоры 18 000 долларды құрайды.

«Digital Almaty» форумы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен өтуде. Форумның іскерлік бағдарламасы 20 панельдік сессиядан тұрады, онда халықаралық және қазақстандық IT-қауымдастықтың 150-ден астам өкілі сөз сөйледі. Баяндамашылар GovTech және FinTech салаларын дамытудың келешегі туралы айтып, аймақта IT бизнесті одан әрі дамыту жөніндегі көзқарастарымен бөлісті. Форум 2018 жылдан бері бесінші рет өткізіліп отыр.

Satbayev University принял участие в пятом форуме Digital Almaty

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту