19 ақпан 2019 4835

Сәтбаев университеті BI-Group компаниясының форумына қатысты

Сәтбаев университеті BI-Group компаниясының форумына қатысты

2019 жылдың 16 ақпанында Астана қаласындағы Конгресс-орталықта белгілі BI-Group құрылыс компаниясы «ТОП 1000 – білім беру бағдарламасы» атты ауқымды іс-шара ұйымдастырып өткізді. Тренингтерді Сергей Филин (Қазақстан), Петр Сурков, Алексей Змановский (Ресей) сияқты белгілі лекторлар жүргізді. Аталған форумға құрылымдық бөлімшелердің басшылары, BI топ-менеджерлері, BI бизнес-серіктестері, Қазақстан Республикасының әртүрлі жетекші білім беру орталықтарының өкілдері қатысты. Сондай-ақ еліміздегі техникалық білімнің қара шаңырағы – Satbayev University атынан Қашықтықтан оқыту институты мен Т.К. Бәсенов атындағы Сәулет, құрылыс және энергетика институты қатысты. Аталмыш іс-шараның қатысушылары мен қонақтарына жетекші білім беру орталықтары мен Сәтбаев университеті таныстырылды. Сәтбаев университеті қашықтықтан оқыту бағдарламасы бойынша «Құрылыс инженериясы», «Энергетика және электротехника», «Архитектура және дизайн», «Құрылыстағы ІӘМ» бағыттары бағдарламасын және «Құрылыс» мамандығы бойынша қосалқы бағдарлама ұсынды.

Сәтбаев университеті BI-Group компаниясының форумына қатысты

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту