Ақпарат:

22 қараша 2018 4623

Сәтбаев университеті білім беру көрмесіне қатысты

Сәтбаев университеті Астана қаласында өткен XVI Қазақстандық халықаралық білім беру көрмесіне қатысты. Аталмыш іс-шара «Көрме» орталығында өтті. Сонымен қатар көрмеге Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, «Астана» медициналық университеті, Қазақ мемлекеттік заң университеті, Қаржы академиясы және басқа да жоғары оқу орындары қатысты.

ҚР-да техникалық білім беру ісінің көшбасшысы атанған Сәтбаев университетінің өкілі атап өткендей, оқу орны студенттерінің 82%-ы, немесе 7,7 мың студенттер тегін түрде, әртүрлі гранттар негізінде оқиды. Ал мұндағы жалпы оқу құны – жылына 638 мың теңгені құрайды. Ал «Сәулет» және «Дизайн» мамандықтары үшін оқу құны басқасынан төмен, яғни жылына 500 мың теңге көлемінде. Университет шетелдік 97 жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық қарым-қатынас жасайды, сондай-ақ білім алмасу бағдарламалары және әскери кафедра бар.

Мектеп және колледж бітірген түлектерге көрме барысында ҰБТ/КТ тестілеуден өтуге болады.  Көрме үстіміздегі жылдың 23 қарашасына дейін жұмыс жасайды.   

Ақпарат көзі: abctv.kz
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту