Сәтбаев университеті білім беру сапасы бойынша қазақстандық ЖОО арасында тағы да көшбасшы атанды – Times Higher Education

Times Higher Education рейтинг агенттігі Impact Ranking 2025 нәтижелерін жариялады, яғни агенттік БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарының төртіншісіне – Жоғары оқу орындарының білім беру сапасы жөніндегі жетістіктеріне әсерін бағалайды. Бұл метрика университеттердің оқу материалдарын меңгеру мен түлектердің табысты жұмысқа орналасуына ықпал ететін өзекті дағдыларды дамытуда тұрақты тәжірибелерді қолдану бағытындағы күш-жігерін де бағалайды.
Білім беру сапасының көрсеткіші бойынша Сәтбаев университеті үздік ТОП 101–200 университеттер қатарына еніп, қазақстандық ЖОО арасында бірінші орынды иеленді. Сөйтіп ол Валенсия политехникалық университеті (Испания), Durham University (Ұлыбритания) және Макао политехникалық университеті (Қытай) сынды әлемдік жетекші жоғары оқу орындарымен бір қатарға шықты.
Сәтбаев университетінің бұл метрикаға қатысу тәжірибесі аз болуына қарамастан, университет тамаша белсенділік танытып отырғанын THE сарапшылары да атап өтуде. 2023 жылы Сәтбаев университеті SDG 4: Quality Education (сапалы білім) бағыты бойынша тіпті рейтингке қатыспаған да еді, алайда 2024 жылғы рейтингте бірден жоғары нәтиже көрсетіп, 2025 жылы бұл жетістігін нығайта түсіп, әлемнің 1500 университеті арасында айтарлықтай алға шықты.
Бұл көрсеткіш университетіміз ұсынатын білім беру қызметтерінің сапасына халықаралық сарапшылар тарапынан жоғары баға берілгенін айқындайды.