19 шілде 2019 7505

Сәтбаев университеті бірінші курс студенттерін кешенді диагностикалық тест тапсыруға шақырады

Сәтбаев университеті бірінші курс студенттерін кешенді диагностикалық тест тапсыруға шақырады

Бірінші курс студенттері қазақ/орыс және ағылшын тілдерінен, сондай-ақ математика мен физика пәндерінен міндетті түрде диагностикалық тест тапсырулары керек.

Бұл Тіркеуші кеңсеге сабақ кестесін сапалы түрде құруға мүмкіндік береді. Ол үшін студент өзінің білім деңгейін толық көрсетуі тиіс, содан кейін ғана ол әрі қарай білім алу үшін сәйкес топқа бөлінеді. Біздің университетте әрбір студентке жеке-жеке сабақ кестесі құрылады. Өйткені әрқайсысының білімі әр деңгейде, егер де ол өз білім деңгейінен жоғары топқа бөлінсе, оған оқу қиынға соғады. Білім деңгейін тексеру үрдісі студенттің негізгі базалық білімін анықтауға, сөйтіп сабақ кестесін дұрыс құруға көмектеседі.

Тілдер бойынша тест тапсыру ауызша жүргізіледі. Тамыздың 23-не дейін Бас оқу корпусындағы № 512, 521, 610, 611, 611а, 613-аудиторияларға келіп, қазақ/орыс тілдерінен, ал № 601, 602, 603, 604, 605 немесе 607-аудиторияға келіп, ағылшын тілінен тест тапсыру керек.

Математика және физика пәндерінен тест тапсыру emtihunter.idet.kz сілтемесі бойынша ойлайн түрде жүргізіледі, оның сұрақтары мектеп бағдарламасына сәйкес келеді. Оны да 23 тамызға дейін тапсыру керек. Сонымен қатар № 301, 308, 310, 310а немесе 333-аудиторияларда жабдықталған компьютерлік сыныптарда да тапсыруға болады.

Сондай-ақ онлайн түрде тест тапсыруды қашықтықтан да жүргізуге болады. Мұндай жағдайда университеттің оқытушылар құрамы телефон, гаджет, шпаргалка секілді көмек құралдарын қолдануға тыйым салады. Бұл тесттен «құлауға» болмайды, өйткені сіз Сәтбаев университетінің студентісіз.   

Тестті қайта тапсыруға болмайды. Алдымен нұсқаулықпен мұқият танысып алыңыздар.

Оқуда сәттілік  тілейміз! 

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту