15 тамыз 2022 4423

Сәтбаев университеті бірінші курс студенттерін кешенді диагностикалық тест тапсыруға шақырады

Сәтбаев университеті бірінші курс студенттерін кешенді диагностикалық тест тапсыруға шақырады

Бірінші курс студенттері қазақ/орыс және ағылшын тілі пәндерінен міндетті түрде диагностикалық тест тапсырулары керек.

Бұл Тіркеуші кеңсеге сабақ кестесін сапалы түрде құруға мүмкіндік береді. Ол үшін студент өзінің білім деңгейін толық көрсетуі тиіс, содан кейін ғана ол әрі қарай білім алу үшін сәйкес топқа бөлінеді. Біздің университетте әрбір студентке жеке-жеке сабақ кестесі құрылады. Өйткені әрқайсысының білімі әр деңгейде, егер де ол өз білім деңгейінен жоғары топқа бөлінсе, оған оқу қиынға соғады. Білім деңгейін тексеру үрдісі студенттің негізгі базалық білімін анықтауға, сөйтіп сабақ кестесін дұрыс құруға көмектеседі.

Тілдер бойынша тест тапсыру ауызша жүргізіледі. Тамыздың 17 мен 31-і аралығында, уақыты 10.00 – 16.00 ге дейін Бас оқу корпусындағы № 512, 609, 610, 611, 611а, 613, 614 -аудиторияларға келіп, қазақ/орыс тілдерінен, ал № 607, 606, 603, 604- аудиторияларға келіп, ағылшын тілінен тест тапсыру керек.

Сондай-ақ онлайн түрде тест тапсыруды қашықтықтан да жүргізуге болады. Мұндай жағдайда satbayev.hero.study арқылы өте аласыз. Бұл тесттен «құлауға» болмайды, өйткені сіз Сәтбаев университетінің студентісіз.

Тестті қайта тапсыруға болмайды.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту