13 қазан 2022 2371

Сәтбаев Университеті «Болашақ біздің қолымызда» атты студенттік конференцияға шақырады

Сәтбаев Университеті «Болашақ біздің қолымызда» атты студенттік конференцияға шақырады

Қазақстан Республикасы күніне орай 21 қазан күні әйгілі Политех қабырғасында студенттер мен магистранттарға арналған «Болашақ біздің қолымызда» атты ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Конференция тақырыбының бағыттары:

  • Жер туралы ғылымдар;
  • Экономика және менеджмент;
  • Техникалық ғылымдар.

Бұл болашақ ғалымдарға өз білімдерін көрсетіп, ғылыми іс-шараларға қатысу тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік береді. Конференция барысында университет студенттерінің шығарған кітаптары мен ғылыми жетістіктері туралы көрме өтеді.

Конференция жұмысының қорытынды сәтінде қатысушыларға дипломдар мен сертификаттар тапсырылып, электронды тезистер жинағы беріледі. Жинақтың электронды нұсқасын сайтта еркін түрде жүктеп алуға болады. Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференция сағат 11:00-де Д.Қ.Сүлеев атындағы Ғылым және шығармашылық орталығында (ТКМК акт залы) басталады.

Конференция туралы сұрақтар бойынша Ғылым департаментінің қызметкерлеріне хабарласуға болады:

Мұнай корпусы, 610, 8 (727) 292-63-46, ішкі 72-23
Сания Салыкова, +77057620004, s.salykova@satbayev.university
Айдана Асқар, +77026493338, a.askar@satbayev.university

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту