29 сәуір 2022 4523

Сәтбаев Университеті Болат Құспанғалиевті Еуразиялық мәдениет қоры марапатымен құттықтайды

Сәтбаев Университеті Болат Құспанғалиевті Еуразиялық мәдениет қоры марапатымен құттықтайды

Көрнекті сәулетші, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы Елтаңбасының және Тәуелсіздік монументінің авторы Шота Уәлихановтың туғанына 90 жыл толуына орай өткізілген Еуразиялық мәдениет қорының конференциясы аясында Болат Құспанғалиев «Мәдениет қайраткері» Құрметті атағымен және Белгісімен марапатталды.

– Мен үшін бұл күтпеген жаңалық, – деді Болат Урайханұлы сөз кезегінде. – Мен конференцияға қатысып, сөз сөйледім, конференциядан кейін маған осы марапатты табыс етті.  

Satbayev University поздравляет Болата Куспангалиева с наградой от Евразийского фонда культуры

Болат Урайханұлы Құспанғалиев – Сәтбаев Университеті Сәулет және құрылыс институтының директоры, Қазақстан Республикасының құрметті сәулетшісі, «Алтын Адам» сыйлығының лауреаты, Шығыс елдері Халықаралық сәулет академиясының (МААСВ) және Халықаралық сәулет академиясы (МААМ) академигі, Халықаралық сәулет академиясы Қазақстан филиалының төрағасы. Бірқатар кәсіби наградалармен марапатталған: «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі», Қазақстан Сәулетшілер және қала құрылысшылары одағының медальдары бар.

Сәтбаев Университеті Болат Урайханұлын құрметті марапатымен құттықтайды!

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту