Сәтбаев Университеті Франция университеттерімен ынтымақтастықты одан әрі кеңейту жұмыстарын жалғастыруда
Ынтымақтастық қарым-қатынасты одан әрі кеңейту жұмыстары аясында Сәтбаев Университетінің басшылығы Францияның Қазақстандағы Елшілігінің білім беру саласындағы ынтымақтастық жөніндегі аймақтық атташесі Ксавье Ле Торривеллекті және Сорбонна-Қазақстан институты мен «Гео-энергетика» орталығының басқару жөніндегі халықаралық техникалық сарапшысы Аньес Буссені қабылдады.
Ксавье Ле Торривеллек өзара ынтымақтастықтың басталғанына қуанышты екенін және қолдан келген көмекті көрсетуге дайын екенін өзінің құттықтау сөзінде баса айтты.
Диалог барысында Сәтбаев Университеті мен Франция университеттері арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынастың перспективалары туралы талқыланды. Университеттің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Бақыт Жәутіков Франция университеттерімен білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты кеңейту университеттің даму көзқарасының орталығында екенін баса айтты. Ксавье Ле Торривеллек Франция мен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен француз-қазақ білім беру бағдарламаларының желісін құру туралы айтып берді, оның көмегімен Қазақстан мен Францияның университеттері студенттер мен магистранттарға арналған бірлескен білім беру бағдарламаларын жасай алады.