Ақпарат:

15 сәуір 2025 222

Сәтбаев университеті ғалымдар мен өндіріс орындарын біріктіре отырып, жаңа зертханалық кешен ашты

Сәтбаев университеті ғалымдар мен өндіріс орындарын біріктіре отырып, жаңа зертханалық кешен ашты

Ғылым күнін мерекелеу аясында Сәтбаев университетінде жоғары технологиялық зертханалардың ашылу салтанаты өтті, ол зертханалар нанотехнологиялар мен функционалдық материалдардан бастап, тау-кен өнеркәсібі мен құрылысты цифрлық модельдеуге дейінгі кең ауқымды бағыттарды қамтиды. Салтанатты шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, сондай-ақ ғылыми қоғамдастық пен өндіріс өкілдері қатысты.

Жаңа инновациялық кластердің орталығы Жетілдірілген функционалды материалдар мен олардың композиттері жөніндегі халықаралық ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық орталығы (R&D-орталық) болып табылады. Орталық химиялық, физикалық және биотехнологиялық талдау жөніндегі зертханаларды біріктіре отырып, қазақстандық және шетелдік ғалымдар арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынас алаңы қызметін атқарады. Орталық ашылғаннан кейін спин-офф компаниялар мен стартаптарды құру туралы меморандумдарға қол қойылды, олардың міндеті –инновацияларды индустрияға тиімді түрде енгізу.

Сәтбаев университеті ғалымдар мен өндіріс орындарын біріктіре отырып, жаңа зертханалық кешен ашты

«STROYTECH» технологиялық паркін дамыту аясында полимербетон негізіндегі композициялық материалдардан бұйымдар жасау зертханасы да іске қосылды. Зертхана құрылысқа арналған инновациялық шешімдерді реттеумен айналысады және осы бағытта PhD кадрларды даярлау алаңына айналады. Сондай-ақ оның қатарына тағы да екі жаңа зертхана қосылды: құрылыстың перспективалы бағыттарын зерттеуге мүмкіндік беретін нанотехнологиялар мен наноматериалдар зертханалары.

Қонақтар тау-кен жұмыстарын цифрлық модельдеу жөніндегі жаңа зертханаға аса қызығушылық танытты. Зертхана тау-кен процестерін дәл талдауға және модельдеуге мүмкіндік беретін заманауи жүйелермен жабдықталған. Ол қазірдің өзінде еліміздің жер қойнауын пайдаланушы ірі-ірі компаниялармен, соның ішінде «Қазцинк», «Алтыналмас» және «Қазақмыс» компанияларымен ынтымақтастық қарым-қатынас жасайды.

Сәтбаев университеті ғалымдар мен өндіріс орындарын біріктіре отырып, жаңа зертханалық кешен ашты

Сәтбаев университетінің ректоры Мейрам Бегентаевтың айтуынша, жаңа зертханалардың ашылуы тек университет инфрақұрылымын жаңарту ғана емес, сонымен қатар еліміздің технологиялық көшбасшылығына үлес қосу:

– Біз зертханаларды жай ғана ашпаймыз, біз экожүйе құрамыз, онда ғылым экономика үшін жұмыс істейтін болады. Бұл инфрақұрылым өз технологияларымызды жасауға ықпал етеді, осылайша жастарды ғылымға тартамыз, сөйтіп университетіміз инновациялар бойынша Орталық Азияда көшбасшы атанады», – деді ол.

Сәтбаев университеті ғылыми идеялар іс жүзінде тезірек қолданыс табатын орта құруда. Осындай жаңа зертханаларды ашу арқылы университет экономиканың негізгі салаларының дамуына әсер етуші шешімдер әзірлейтін орталыққа айналуда.

Сәтбаев университеті ғалымдар мен өндіріс орындарын біріктіре отырып, жаңа зертханалық кешен ашты

Сәтбаев университеті ғалымдар мен өндіріс орындарын біріктіре отырып, жаңа зертханалық кешен ашты

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту