Ақпарат:

3 желтоқсан 2021 2913

Сәтбаев Университеті ғалымдарының жобасы дүниежүзілік банк грантының иегері атанды

Осы жылдың күзінде Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі инновациялар мен жаңа технологияларды жасау және енгізу мақсатында "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасын іске асыру аясында байқау өткізді.

Сәтбаев Университеті "Шиелі Тас-Оңтүстік" және "Геополимер" коллаборациясында осы байқауға "Инновациялық энергия үнемдеуші технологияларды қолдана отырып натрий силикатын өндіру" жобасымен қатысып, байқаудың жеңімпазы атанды. Аталған жобаны іске асыру мақсатында Сәтбаев Университеті, "Шиелі Тас-Оңтүстік" және "Геополимер" тиісті келісімге қол қойып консорциум құрды.

Жоба Қарағанды облысының Саран қаласының өнеркәсіптік аймағында іске асырылады. Байқау ұйымдастырушыларының жобалардың экологиялылығына қоятын талаптары ерекше. Эко-стандарттарға қойылатын жоғары талаптарға сәйкес болу үшін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды басқару жоспары әзірленді.

Оқиғаларды басқару жоспарын жүктеп алыңыз

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту