21 қазан 2022 2059

Сәтбаев Университеті Георг Агрикола Жоғары техникалық мектебімен ынтымақтастық байланыс орнатуда

Сәтбаев Университеті Георг Агрикола Жоғары техникалық мектебімен ынтымақтастық байланыс  орнатуда

Сәтбаев Университеті мен Георг Агрикола жоғары техникалық мектебінің (Германия) арасында ынтымақтастық қарым-қатынас туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандумға ИРН AP13068313 жобасының ғылыми жетекшісі, «Стандарттау, сертификаттау және метрология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Ә. Ж. Жанкелді мен ғылыми қызметкер Б.Ж. Қожагелдиевтің Бохум қаласына сапары барысында қол қойылды. 

Кездесу барысында профессор, инженерия докторы Штефан Фётпен бірге жел энергетикасы саласындағы өзекті мәселелер мен ғылыми жетістіктер талқыланды. Сонымен қатар Мектептің президентімен және вице-президентімен кездесулер өткізілді.

Меморандум аясында университеттер студенттермен, оқытушылармен, ғылыми қызметкерлермен өзара алмасуды жүзеге асырады, ғылыми ынтымақтастықты дамытады, бірлесіп шығаратын ғылыми басылымдар санын көбейтеді, бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды және т.б. әзірлейді. 

Георг Агрикола жоғары техникалық мектебі (Technische Hochschule Georg Agricola, THGA) – Германиядағы жетекші инженерлік университеттердің бірі болып табылады, оның негізі 1816 жылы қаланған. Мектеп тау-кен өнеркәсібі, материалтану, механика, электротехника салаларының мамандықтары бойынша кадрлар даярлайды.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту