10 тамыз 2021 4112

Сәтбаев Университеті институт директорларының бос орындарына конкурс жариялайды

«Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕАҚ (бұдан әрі-ҚазҰТЗУ) институт директорларының бос орындарына конкурс жариялайды.

Құжаттарды қабылдаудың соңғы күні 2021 жылғы 24 тамызға дейін (қоса алғанда, 17:30 сағ.) қабылданады. Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланады.

ҚазҰТЗУ-не конкурсқа қатысу үшін келесідей құжаттарды тапсырады.

1. Өтініш (нысанды толтыру кезінде автоматты түрде жасалады);
2. Түйіндеме;
3. Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, академиялық /немесе ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы туралы дипломдардың көшірмелері және салыстырып тексеру үшін көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары;
4. Қайта даярлау және біліктілікті көтеру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстырып тексеру үшін олардың түпнұсқалары;
5. Үміткерлердің еңбек өтілін растайтын құжаттардың көшірмелері және салыстырып тексеру үшін олардың түпнұсқалары;
6. Соңғы 3 жылда орындалған ғылыми жобалардың, ғылыми еңбектердің және зияткерлік меншікке арналған патенттердің (өнертабыстардың) жұмыс орны бойынша куәландырылған тізімі;
7. Қажетті кәсіптік білімін растайтын, белгіленген тәртіппен куәландырылған құжаттар (нотариалды немесе алдыңғы жұмыс орны бойынша).

Сондай-ақ үміткерлер біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты өзге де құжаттарды (ұсыным хаттар, мінездемелер, тілдік даярлық туралы сертификаттардың, қатысушының кәсіби деңгейін, оның кәсіби саладағы үздік жетістіктерін растайтын өзге де құжаттардың көшірмелері және т.б.) ұсына алады.

Институт Директорлары позициясына қойылатын біліктілік талаптары

Конкурсқа шығарылатын институт Директорлар құрамы лауазымдарының тізбесі

 

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту